Бейбіт кәсібін дөңгелетіп отыр
Кентау қаласының тұрғыны, кәсіпкер Бейбіт Баймаханов мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн. 380 мың теңге несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қаржысына қажетті құрылғылар сатып алған.
Кәсіпкер үй жағдайында қолжетімді бағада, нысан құрылысына қажетті дизайн интерьер бағытында қолданатын 3D панельдерін жасайды. Негізгі мамандығы – дәнекерлеуші. Жұбайы екеуі 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Б.Баймаханов кәсіптің бұл түрімен 3 жылдан бері айналысып келеді. Мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен бүгінде кәсібі ұлғайып, тапсырыстар көбейген. Қазіргі таңда, айына 200 000-250 000 теңге табыс тауып отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.