Қазақстанның «Жас барысы» Түлкібаста тұрады

Түлкібас ауданындағы «Дауан» жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жомарт Қуанышбек – қазақ күресінен аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген жас спортшы. Облыстық «Жас барыс» турниріне қатысып, 50 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Жомарт республикалық жарысқа жолдама алды. 

Жомарт Қуанышбек республикалық жарыста да қарсыластарының бәрін жеңіп, жеңімпаз атанды. Осылайша ол республикалық жарыстың «Жас барысы» атағын иеленді. Жомарт 2023 жылы Түркістан облыстық «Qazaq kuresi» ассоциациясының жылдық қорытындысында «Үздік спортшы» атағын иеленген болатын. Айта кетейік, жас балуан білікті жаттықтырушы Алмас Шажалиевтің қарамағында жаттығады.

«Оңтүстік»-ақпарат.
Пікір қалдырыңыз