КАСКАДЕР

Каскадер – мамандық атаулының төресі. Ол француз тілінен аударғанда «трюк жасайтын актер», «тәуекелшіл адам» деген мағынаны білдіреді. Бұл мамандық иелері кино мен жарнамада ең қиын әрі қауіпті трюктарды орындайды. Мұндайда әртүрлі жарақат алып, денсаулығына нұқсан келтіріп алу қаупі басым. Сондықтан каскадерлерден күнделікті жаттығу, асқан ептілік пен жауапкершілік талап етіледі.
Біздің кейіпкеріміз Шымкент қаласындағы «360 градус» каскадерлік клубының негізін қалаушы Мұқағали Әбдішәріп «Жездуха», «Қызылдар», «Төле би» фильмдерінде ойнаған. Ол бүгінде бұл салада қазақ жастарының жетістіктері аз емес екенін айтады.
– «360 градус» каскадерлік клубы 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралағында 300-ге жуық қазақ жастары каскадерліктің қыр-сырын үйреніп, қысқа метражды бірнеше фильмге түсіп үлгерген, – дейді Мұқағали.
Мұқағалидың шәкірттері «8 корпус», «Қызылдар», «Ол неге тыңдамайды?» жобаларында өнер көрсеткен. Олар жақын күндері экранға жол тартқалы тұрған «1+0» фильмінде де түрлі рөлдерді сомдады. «360 градус» каскадерлік клубында тәжірибе жинаған жастар отандық жобаларда, тарихи кинолар мен цирктерде қылыштасу, төбелесу, ат үстінде өнер көрсету сынды трюктармен танылып жүр. Сонымен қатар «Шала бандиты», «Түпсана» жобаларында өнер көрсеткен.
Шымкенттік каскадерлердің халықаралық жобаларға қатысып, әлемдік экранда өнер көрсететін күні алыс емес.
Ақерке БАЙЖАНБЕКҚЫЗЫ.