Еліміздің болашағы отаншыл ғалымдардың қолында

Президент Ғылым күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. 

– Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы Абай да өз заманында «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек. Мен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай кезінде арнайы осы мәселеге тоқталдым. Бұл ретте, ғылыми қауымдастыққа айрықша жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, ғалым – ұлттың шамшырағы, – деді Мемлекет басшысы. 
Басқосуда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегені, көптеген ғалымның басқа салаға ауысып кеткені жайында айтылды. Соның салдарынан Қазақстандағы ғылыми қызметкерлердің саны үш есе азайып, бұл ахуал ұлттың зияткерлік әлеуетіне орасан зор кесірін тигізген.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылым саласында жемқорлық фактілерінің көбейіп кеткенін де тілге тиек етті. Мәселен, «Парасат» холдингін басқарған белгілі академик оны әбден тонап, кейін балаларымен бірге АҚШ-тың азаматтығын алып, мұхиттың ар жағына қашып кеткен. Дегенмен бүгінде жағдай оңалып, ғылым қайтадан төрге шыққанын атап өтті. Бұл – мемлекеттің нағыз, адал ғалымдарға сенімі деген сөз.
Ғылым – стратегиялық маңызы бар сала болғандықтан соңғы жылдары бұл бағытқа бөлінетін қаржы 3,5 есе артты, жас зерттеушілерге қолдау күшейді. Мемлекет басшысының пікірінше, осындай қадамдар еліміздің ғылыми әлеуетін арттыра түседі. Қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым болса, олардың жартысы – 40 жасқа толмаған мамандар. Бұл елімізде ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздегі кәсіпорындар да ғылымды дамытуға үлес қосуға тиіс. Олар университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесіп, жаңа өнімдер шығаруы керек. Қазақстандағы ірі өндіріс орындары өз табысының 1 пайызын ғылым саласына аударып келеді. Президент мұны стратегиялық маңызға ие бағыт деп санайды. 
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке назар аударды. Ғылымы дамыған ел кез келген сын-қатерге төтеп бере алатынына баса мән берді. Сондай-ақ Қазақстанның болашағы отаншыл әрі білікті ғалымдардың қолында екенін, мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсете беретінін атап өтті.

5 пікір

  • Steady Chasers
    Steady Chasers

    Anti-Aging Serum/Ozempic/Botox Injection/CBD Oil/Mushroom/Weed We offer Ozempic for weight loss, Steroids for body building, pills for pain and stress relief, Weed, CBD Oil, Mushrooms, Nembutal, Pills also available for your health fitness, beauty and leisure: Health Beauty Fitness Leisure – Steady Chasers view our catalog here: https://steadychasers.online/product-category/health-beauty-fitness-leisure

  • Steady Chasers
    Steady Chasers

    view our catalog here: https://steadychasers.online/product-category/self-defense We offer variety of Handguns for Self-defense: Glock, Beretta, Ruger, Taurus, Walther, Bersa, Jericho, Norinco, Colt, SW, del 22, 32, 380, 38spl, 9mm, 44, 45, 357 and others, with papers, with license, national and international deliveries, with security, guarantee and excellent condition.

  • Steady Chasers
    Steady Chasers

    We offer only original quality real and false passports, license drivers, ID cards, visas, birth certificate, stamps etc. and other products for the following countries: Australia, Belgium, Mexico, Spain, Brazil, Canada, Finland, France, Ireland, Portugal, Sweden, Germany, Italy, the Netherlands, Great Britain, USA, and many other countries. https://steadychasers.online/product-category/id-passport-license-others/

  • Steady Chasers
    Steady Chasers

    We are professional IT technicians and we produce SUPER UNDETECTED COUNTERFEIT MONEY for all currencies. Our notes are industrially and professionally produced. We use quality foil papers element. 20% of cellulose and 80% of cotton papers. Our bills have the infrared detection which makes our bills to bypass the UV machines, pen test and even eye detection buy counterfeit expert. Our notes are AAA+ grade Quality 100% safe and secured to use in any of these areas: BANKS CASINO, ATM, MONEY CHANGERS STORES. https://steadychasers.online/product-category/counterfeit-money/

  • Steady Chasers
    Steady Chasers

    low and high balance clone cards available. TAP IN https://steadychasers.online/product-category/bitcoin-mining/

Пікір қалдырыңыз