Прокуратура органдарының жолданымдар саласындағы қадағалау қызметі туралы
2021
жылдың 1-шілдесінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі –ӘРПК) заңды күшіне енді.
Азаматтардың
мүдделерін қорғауға арналған Заңның орнына заң күші ауқымдырақ Кодекс келді.
Өтініш
берушілердің құқықтарын қорғаудың жаңа қағидаттары енгізілді.
Жаңа
және жарқын өзгеріс - азаматтар құқықтарының басымдығы қағидаты.
Әкімшілік
рәсімдер туралы заңнаманың барлық күмәндері, қарама-қайшылықтары мен түсініксіз
тұжырымдары енді әкімшілік рәсімге қатысушының, яғни азаматтардың пайдасына
түсіндіріледі.
Азаматтардың
тыңдалуға және алдын ала шешімге ескертулер мен ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Прокуратура
органдары жолданымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2023 жылғы 17 қаңтардағы №29 бұйрығымен реттеледі.
Прокуратура
органдарында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау
салуларды есепке алуға және тіркеуге қойылатын жалпы талаптар ӘРПК-нің 69-бабының 3-бөлігіне,
Конституциялық заңның 9-бабының 22) және 23) тармақшалары, 24, 25-баптарына және қабылданған
Бас Прокурордың ведомстволық құқықтық актілерімен регламенттеледі.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі)
тәртіппен қарауды жоғары тұрған прокуратура не прокурор жүргізеді.
Прокуратура шешімдеріне, актілеріне
не прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым прокуратура органдарына,
шешімдері, актілері не әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған
лауазымды адамға шешім, акті қабылданғаны немесе әрекет (әрекетсіздік)
жасалғаны туралы адамға белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей
беріледі.
Жолданымдар
саласындағы құқықтың сақталуы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына тиісті
қадағалау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Бас
прокуратурасының Құқықтық
статистика
және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің
Түркістан облысы бойынша
басқармасының аға
прокуроры
Ғ. Жұмашов