ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ

«E-otinish» ақпараттық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір азамат өзінің өтініші қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қай кезде қаралғанын жүйе арқылы қарап, бақылай алады.

Бүгінгі таңда елімізде цифрлық платформалар кеңінен дамып жатыр. Соның бірі – «E-otinish» ақпараттық жүйесі. Бұл жүйе 2021 жылдың шілде айынан бастап «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында іске қосылғаны белгілі. Осыған орай азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу тәртібі де өзгерді. Енді азаматтардан келіп түскен өтініш хаттар тіркелусіз және жауапсыз қалмайды.

«E-otinish» ақпараттық жүйесінің артықшылығы неде? Алдымен жүйе өтініш берушіге жолданымдарды қараудың кезеңдері мен мерзімдері бойынша хабардар етеді. Өтініш иесімен кері байланыс орнатуға, мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына және 99-бабына сәйкес, түскен арыз, үн қосу, сұрау салу, хабар және де ұсыныстар 15 жұмыс күн ішінде, ал, шағым 20 жұмыс күнде қаралып, жауап берілуге міндетті. Сонымен бірге, «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы барлық мемлекеттік органдар оқиғалардан хабардар болып, азаматтардың қажеттіліктері мен тілектерінің нақты көрінісіне сүйене отырып, жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік алады.                                                                 

Қызметті пайдалану үшін электрондық үкімет порталына кіріп, «E-otinish» ақпараттық жүйесіне өту қажет. EGov сервисінен басқа, «E-otinish» қосымшасы Aitu мобильді сервисінде және eGov mobile-да қолжетімді. Сондай-ақ сервисті Халыққа қызмет көрсету орталығында жолданымдарды қабылдау орталығында пайдалануға болады. «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберілген барлық жолданымдар электрондық цифрлық қолтаңбамен расталуы тиіс.

«E-otinish»  ақпараттық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір азамат өзінің өтініші қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қай кезде қаралғанын жүйе арқылы қарап, бақылай алады. Сондай-ақ, арыз-шағымына деген мемлекеттік  мекеменің жауабын бағалауға да мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, жүйеде жолданым тіркелген азаматтарға SMS-хабарлама арқылы арыз-шағымының қаралу кезеңдері туралы хабарламалар жіберіледі. Оның қаралу тарихы жүйеде сақталып, мемлекеттік орган бұрын қандай шешім қабылданғанын саралай отырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Егер өтініш иесі берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы және әрекетсіздік белгілі болған күннен бастап 3 ай мерзімнен кешіктірмей берілу қажет.               Әрбір жолданым жан-жақты, толық және объективті қаралуға міндетті.

        

 

Қазақстан Республикасына

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Түркістан

облысы бойынша

департаменті.

 

 

#заң_және_тәртіп

#закон_и_порядок

1 пікір

  • Alicia Nida
    Alicia Nida

    Hire The Best Cryptocurrency Recovery Service / Lost Recovery Masters. Lost Recovery Masters offers tailored assistance to simplify and enhance the recovery process for victims who have fallen victim to Bitcoin theft. Understanding how reliable recovered funds are to their clients, Lost Recovery Masters has emerged with extremely effective and professional Bitcoin recovery services. Lost Recovery Masters has a team of investigators from across the globe that are well prepared to help clients from wherever they may be which means that help will always be within reach. Contact info. Website ( https://lostrecoverymasters.com/ ) Email ( Support@lostrecoverymasters.com ) Whatsapp +44(7537)-105921

Пікір қалдырыңыз