ӘРБІР ӨТІНІШ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

Қазіргі таңда азаматтар өз мәселесін жоғарыға жеткізу үшін қағазбастылықтан арылып, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жүгіне бастады.
Қарапайым
тұрғындардың мәселесін тыңдау, оны шешілуіне жағдай жасау – кез келген
мемлекеттік органның ең басты міндеті. Бүгінде елімізде бұл жұмыс қалай жүріп
жатыр? Жасыратыны жоқ, кейде тиісті органдарға жолданған өтініш-арыздар формальды
түрде қаралып, нәтижесі болмай жатады. Ал шын мәнінде, жолдаған өтініш-арызынан
әр адам өмірлік маңызды сұрақтарына жауап алғысы келеді.
Қазіргі таңда
азаматтар өз мәселесін жоғарыға жеткізу үшін қағазбастылықтан арылып,
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жүгіне бастады. Бұл азаматтарға жолданымдарын
жолдап қана қоймай, олардың орындалу барысын онлайн форматта бақылауға
мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің ашықтығына
азаматтардың сенімі нығая түседі.
Мәселен, Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, Түркістан облысының мемлекеттік
органдарында 2025 жылдың 5 айында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 78 мыңнан
астам жолданым тіркелген (арыз –
59 371, шағым – 3 094, хабар – 5 659, сұрау салу – 8 557,
үн қосу – 68, ұсыныс – 1 792). Оның 59 мыңы қаралса, 16 мыңы құзыреті
бойынша уәкілетті органдарға жолданған. Ал, 2024 жылдың осы мерзімінде 63 мың
жолданым тіркеліпті. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға көбейген. Демек,
бұл елдің «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жолданған жолданымдардың қаралу
сапасына деген сенімділігінің артып жатқандығын білдіреді.
Бұл өз кезегінде ел
ішіндегі құқықтық мәдениеттің артуына және мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді
өзара байланысты қалыптастыруға ықпал етеді. Әр жолданымның артында шынайы
тағдыр, үміт пен сенім бар десек, сол сенімді ақтау – билік үшін тек міндет
емес, абыройлы іс.
Асқар САПАРҒАЛИЕВ,
ҚР Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу
жөніндегі комитетінің
Түркістан облысы бойынша
департаментінің бастығы.
#заң_және_тәртіп
#закон_и_порядок