ЖЕТІСАЙДА ЖОЛ АПАТЫ КӨБЕЙІП ТҰР

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауын болып отыр.

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары азаяр емес. 2025 жылдың 5 айында облыста 439 (2024 жылы 5 айы - 376) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 24,1% - ға артса (543-тен 674-ке дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 19,1% - ға (476-дан 567-ге дейін), қаза тапқандар саны 59,7% - ға көбейген (67-ден 107-ге дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандарға келсек, мәселен, Жетісайда - 71, Сайрамда - 60, Түркістан қаласыда - 49, Түлкібаста - 36, Келесте - 34, Арыста - 27, Сауранда - 26, Сарыағашта - 22, Шардарада - 20, Төлебиде - 19, Ордабасыда - 15, Отырарда - 13, Бәйдібекте - 10, Кентау қаласында - 10, Мақтааралда - 10, Созақта - 9, Қазығұртта – 8 жол-көлік оқиғалары тіркелген.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауын болып отыр. Оның ішінде белгіленген жылдамдықты асыру және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі жиі кездеседі.

Сондықтан облыс тұрғындары, қонақтар мен туристерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұранамыз. Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасына

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

 арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

 Түркістан облысы бойынша департаменті.

 

#заң_және_тәртіп

#закон_и_порядок

Пікір қалдырыңыз