Заңсыз тексерулердің алдын алу


Бизнесті заңсыз тексерулерден және кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым тапсырмаларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің қабылдануымен кәсіпкерлік іс-шаралар бойынша бақылауды жүргізу нысаны өзгерді.

Прокуратура органдарына тексерулерді үйлестіру сұрақтары және бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау бойынша құзіреттері берілді.

Осы құзіреттің шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бизнес субъектілерін заңсыз тексерулерден қорғау және болдырмау мақсатында «Qamqor» мобилдік қосымшасы қалыптастырылды, сондай-ақ http://qamqor.gov.kz сайты арқылы өзгеде толық ақпараттар алу мүмүндігі қарастырылған.

«Qamqor» мобилдік қосымшасы арқылы Сіз мемлекеттік органның (төтенше жағдайлар, мемлкеттік кірістер органының тексерулер және т.б.) тексеруінің заңдылығын қарай аласыз және Сіздің мекен-жайға қатысты жоспарланған тексеру туралы хабарламалар туралы біле аласыз.

Мобильдік қосымша Android-тарға, сондай-ақ iOS үшін қолжетімді.

Сонымен қатар, әрбір бизнес субъектісі білуге тиіс қажетті ақпараттар бар. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағына сәйкес, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне:

1) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;

3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

Егер бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жоғарыда көрсетілген дәлелді құжаттарды ұсынбаған немесе ұсынудан бас тартқан жағдайда «Qamqor» мобилдік қосымшасы арқылы шағым келтіруіңізге болады.

Сіздің жолдаған шағымыңыз прокуратура органдарымен жылдам әрі сапалы түрде қаралатындығын назарларыңызға саламын.

Жалпы алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғау прокуратура органдарының басым міндеті болып табылады және ерекше бақылауда.

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша

басқармасының прокуроры                                                                 А.Сейдаханов

Пікір қалдырыңыз