Конкурсқа қатысу тәртібі

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу тәртібі

 

2022 жылдың 26 желтоқсанынан бастап құқық қорғау қызметіне орналасудың жаңашылығы енгізілді.

Бұл құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына  алғаш қызметке орналасатын адамдарға қатысты болып табылады.

Конкурсқа қатысу тәртібі мен оны өту шарттары бес органның бірлескен бұйрығымен бекілген: олар Бас прокуратура, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Ішкі істер министрлігі.

Бұйрыққа сай іріктеу критерийлері біріздендірілді: атап айтатын болсақ, Бірінші мемлекеттік қызмет істері агенттігінде заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту керек, осыдан кейін                           1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; -ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; -білім туралы құжаттың көшірмелері;  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны; 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама; -әскери билет немесе тіркеу куәлігі болса кез келген адамдар конкурсқа қатыса алады.

Органдағы іріктеу кезеңдері төмендегі дәйектерді қамтиды.

Бірінші кезең. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды Комитеттің интернет – ресурстарында жариялау.

Екінші кезең. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау.

Үшінші кезең. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және заңда белгіленген талаптарыға сәйкестігін қарау.

Төртінші кезең. Конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу.

Бесінші кезең. Конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру.

Алтыншы кезең: Конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық куәландыру.

Жетінші кезең. Органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.

Іріктеудің 7-кезеңінен мүдірмей өткен үміткер Комитетінің аумақтық органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға мүмкіндігі туындайды.

 

Р.Есжанов

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасы Комитетінің

Түркістан облысы бойынша

Басқармасының аға прокуроры

 

Пікір қалдырыңыз