Жеке қабылдау жүргізіледі
Мемлекет басшысы
бірнеше рет «естуші мемлекет» концепциясына ауысу қажеттілігіен, аумақтарда
прокурорлардың азаматтарға қол жетімді болуын қамтамасыз ету бағытында халықпен
тығыз байланыс орнатуды атап көрсеткен.
Осы бағыттағы
жұмыстар Басқармамен жүзеге асырылуда, қабылдауға келген азаматтардың басым
бөлігі соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама сұраса, енді бірі өздерінің
туыстарына қатысты архивтің шегінде архивтік анықтамаларды немесе архивтік
құжаттардың көшірмелерін беру мәселесін қозғайды, кейбірі жұмысқа орналасу
бойынша өтініштерін білдіреді.
Қабылдау
барысында басшы құрам әр азаматтың жеке мәселесін бетпе-бет тыңдап, бірқатарына
заң шеңбері аясында жауап берсе, кей мәселелер қабылдау барысында-ақ өз шешімін
тапты.
Сонымен қатар,
басшы құрам кейбір өзекті мәселелерді
өзінің жеке бақылауына алып, оның орындалу барысын қадағалап және тиісті
жұмыс жүргізуді осы салалардағы тиісті бөлім басшыларына тапсырады.
Аталған
форматтағы жұмыстар, Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың халыққа
мемлекеттік қызмет көрсетуді және азаматтардың мәселелерін шешуде көрсетілетін
көмек сапасын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келетінін және өзінің
тиімділігін көрсетуде.
Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша Басқармасының басшылық құрамы
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бойынша
сұрақтары немесе ескертулері бойынша қабылдау жұмыстары күнделікті (дүйсенбі-жұма)
сағат 9:00-18:30 дейін жүргізетіндігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі Комитетінің
Түркістан облысы бойынша Басқармасы