Университет 500 білім грантын бөлді

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 500 талапкерге білім грантын бөлетін болды. Бұл ҰБТ-дан және кешенді тестілеуден жоғары балл жинап, бірақ, білім грантына қол жеткізе алмаған талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік болғалы тұр.

Әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған білім сертификаттары халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың 34 жеңімпазына, әлемдік, азиялық және республикалық спорт жарыстарының 10 жеңімпазына және 10 жетім балаға берілді. Олардың қатарында Еламан Балтабаев, Әбдіғани Бибарыс, Әубәкір Мәди, Диана Райымова, Молдаш Кемелбек пен басқа да болашағы зор спортшылар және пәндік және әдеби олимпиадалардың, сондай-ақ халықаралық, республикалық деңгейдегі «Ақберен», «Ата-жұрт», «Жаңалықтар» байқауларының жеңімпаздары бар. Сондай-ақ университет түлектері – Нұртаза Көкенов, Ербол Шаланов және Еркін Жақыповқа 300 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Айта кетерлігі, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті облыс халқының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, биылдан бастап оқу ақысын айтарлықтай төмендетіп отыр.

Қымбат ЖАРЫЛҚАСЫН,

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің 2-курс студенті

Пікір қалдырыңыз