Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі прокурор қадағалауында

Прокурорлар өткен жылы қылмыстық қудалау органдарының өндірістеріндегі жалпы қылмыстық істердің 12% бойынша тергеу мерзімдерінің бұзылғанын анықтады.

Түркістан облысы прокурорының төрағалық етуімен 2023 жылдың 08-ші ақпан күні қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен қылмыстық істерді тергеу барысында процестік мерзімдердің сақталуына қатысты алқа мәжілісі өткізілді.

Прокурорлар өткен жылы қылмыстық қудалау органдарының өндірістеріндегі жалпы қылмыстық істердің 12% бойынша тергеу мерзімдерінің бұзылғанын анықтады.

Алқа отырысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерінің сақталуына қатысты сұрақтар талқыланып, қажетті тергеу амалдарын мерзімінде жүргізу, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша формальды сараптамалардың тағайындалуына жол бермеу және тергеу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды прокурорға мерзімінде ұсынбау жәйіттері атап өтілді.

​Өз кезегінде облыс прокуроры М.Алиханов «Қылмыстық істердің созбалаңдыққа салынуына жол бермеу және тергеуді жүргізудің басқа да заңсыз әдістерін жою - құқық қорғау органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі» екендігіне тоқталып өтті.

​Алқаға қатысушыларға тергеп-тексеру барысында созбалаңдыққа жол бермеу және тергеудің сапасын көтеру мақсатында статистикалық көрсеткіштерді қолдан бұрмаламауға, тергеу мен анықтау органдарындағы жас мамандардың кәсіби тәжірибесін көтеру үшін оқу-семинарлар өткізу туралы нұсқау берілді.

Сонымен қатар, алқа мәжілісінің қорытындысы бойыншаалдағы уақытта ҚК және ҚПК нормаларының бұзылмауына жол бермеуге кешенді шаралар қабылдап, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімдерін қатаң сақтауға және ведомстволық бақылауды күшейту туралы тапсырмалар берілді.

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікір қалдырыңыз