Семинар өтті

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 қаңтар 2023 жылы кеңсе мамандарының арасында семинар өтті. Аталған семинар тақырыбы «Мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп кодексі» және мінез-құлық Стандарттарының талаптары» жөнінде  өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын, мүлтіксіз сақтауға, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту мақсатында. Мінез-құлықтың жоғарғы стандарттарын көрсетуге және ілгерілетуге  міндетті екендігін кеңсе меңгерушісі А.Кенжебекова  атап өтті. Еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзу мамандарды тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылатынына тоқталды.      
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жұмыс және қоғамдық орындарда, жұмыс уақытында, жұмыс уақытынан тыс тәртіппен этикалық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы еске салды.
Пікір қалдырыңыз