Бізді қандай өзгерістер күтіп тұр? 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қаншаға артады?

«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан  бастап:
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге 
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 
 24 341 теңге мөлшерінде белгіленеді. 

1. Еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты  зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5%-ға артады.
2. Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін артады.
3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыстың ұлғаюына байланысты, егер олардың орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде 46 еселенген АЕК-пен шектелген болса, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнеткерлердің зейнет-
ақысы арттырылуға жатады.
Бұл ретте 55 АЕК шегінде табыс негізінде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5%-ға өскен сомадан төмен болмауы керек.
4. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді.
Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл қатысқан не ол болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (54 пайыздың орнына) мөлшерінде көбейтіледі. Оның мөлшері он жылдан асқаннан кейін әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақ,  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100 пайыздан асырмай ұлғайтылады. Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тағайындалған және жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге де қатысты.
5. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы №126 Заңының 12, 16 және 18-баптарында көзделген мөлшерлерде белгіленеді және ЕТКД (40 567 теңге)  мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.
6. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша (еқаӘТ) және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша (аажӘТ) әлеуметтік төлемдердің мөлшері «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өседi.
7. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты жәрдемақы мөлшерлері келесідей ұлғаяды:
– №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар,
жерлеуге арналған біржолғы төлем,
бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәр-
демақы;
бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдем- ақы;
– МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарына ай сайынғы бюджеттік субсидия;
– «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) – 20) тармақшаларында көзделген арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
– бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде кәмелет жасына толған соң орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ, жасы жиырма үш жастан аспаған) балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы;
– Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ, төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар.
8. Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен инфляция деңгейіне 8,5%-ға дейін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап (Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы бойынша 2022 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы, №31 хаттама) артады.
9. Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және қамқорлығындағы адамға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының және мемлекеттік арнаулы жәрдемақының мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД ұлғаюына байланысты өзгереді.
10. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылуына байланысты міндетті зейнет-ақы төлемдеріне ай сайынғы бюджеттік субсидияны алушыларға аударымдар төлеу және МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің мерзімі өзгереді. 
11. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді (бкӘТ) алушы болып табылатын адамдарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғарыда аталған әлеуметтік төлем тағайындалатын мерзім тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерде бар мәліметтер негізінде бала бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады. 
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 2023 жылдан 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.

Әлеумет бөлімі.
Пікір қалдырыңыз