Шілде тосын мінез көрсетті

Кеше басталған шілде айы еліміздің бірқатар өңірінде тосын мінез көрсетті. Бірінші шілдеге қараған түні күн күркіреп, найзағай ойнады. «Қазгидромет» орталығы мамандарының сөзіне сенсек, шілде айында мұндай құбылыс жиі қайталанатын көрінеді.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +21 градустан +16 градусқа, ал, күндіз +36 градустан +31 градусқа дейін төмендейді. Алайда, шілде айының алғашқы аптасынан кейін ауа температурасы күрт жоғарылайды.
Мәселен, екінші онкүндікте түнгі ауа температурасы +23 градусқа, күндіз +40 градусқа дейін барады. Шілде айының ортасында ауа температурасы тағы да төмендеуі мүмкін. Таулы аудандарда сынап бағанасы күндіз +30, өзге аймақтарда +35 градусты көрсетеді.
Шілденің соңына таман күн қатты ысиды. Мысалы, таулы аудандарда күндіздің өзінде сынап бағанасы +30 градусты, өзге аудандарда +43 градусты көрсетпек. Кейбір аймақтарда күннің ыстығы +45 грудасқа дейін жетеді. Шілденің түні де қапырық. Таулы аудандарда түнгі ауа температурасы +14, өзге аудандарда +25 градусқа жетеді деп болжануда.
Жауын-шашынның айлық мөлшері өңіріміздің басым бөлігінде норма шамасында болса, оңтүстік-батыстағы аудандарға нормадан аз түседі.
Шілденің басында және бірінші аптаның соңында жауын-шашын жиілейді. Екінші онкүндік пен үшінші онкүндіктің басында да жаңбыр жаууы ықтимал. Шілденің басында шаңды дауыл жиі соғады. Өңірімізде желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Е.ҚОЖАХМЕТҰЛЫ.

1 пікір

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз