Жетісай мен Түркістан арасына автобус керек
Мырзашөл аймағында бүгінде төрт жүз мыңға жуық халық тұрады. Оған күнделікті келіп-кететін жолаушыларды қосатын болсақ, ары-бері ағылған халық саны тіпті көбейе түседі. Мұнда әсіресе, облысқа қатынайтындар көп. Жолаушылар саны көбейген сайын жол азабы да ұлғая береді. Өйткені, аталған аймақты орталықпен байланыстыратын магистральді жолдың алыстығын айтпағанда, жолдың тарлығынан да межелі жерге жеткенше жүйкең тозып, әбден сілікпең шығады. Әсіресе, жаздың аптап ыстығында сағаттап жол жүрудің қаншалықты қиын екенін осы екі аралықта жүргендер жақсы біледі.
Біз, үлкендер, көбіне үйде боламыз. Жұмыс істейтін жастарға қиын. Облыс орталығына барып-қайту үшін күніне кемінде 6-7 сағаты жол жүрумен өтеді. Таңалакеуімнен тұрып, алдымен 250 шақырым жердегі Шымкент қаласына барып, одан әрі тағы 150 шақырым жол жүріп, Түркістан қаласына жетемін дегенше түс ауады. Бірер сағат аялдап жұмысын бітіріп, кері қайтып, үйіне жеткенше түннің бір уағы болады. Қазір қауын-қарбыз пісіп, оны тасымалдау үшін бірінің ізін бірі жалғап кетіп бара жатқан жүк көліктерінен айналып өту тіпті қиын. Өзі тар жолда құдды пойыз сияқты шұбап бара жатқан жүк көліктерінен тәжірибелі жүргізушілердің өзі оза алмай, ақ тер, көк тер болып жатады.
Рас, Жетісайдан Түркістанға Шардара арқылы баруға да болады. Бірақ, бұл жолдың сапасы сын көтермейді. Оның үстіне бұл бағытта арнайы маршрут болмаған соң жолаушылар көбіне кездескен көлікке мінуге мәжбүр. Көшеде кім көрінгеннің көлігіне мініп кете беру де қауіпті. Егер осы жолды заман талабына сай жөндеп, арнайы автобус бағытын ашса, ол ең алдымен төрт жүз мыңға жуық халқы бар Жетісай мен Мақтаарал аудандары тұрғындарының алысын жақындатқан болар еді. Сонымен бірге ол көршілес жатқан Келес, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласының тұрғындары үшін де тиімді болады.
Тағы бір түйткілді мәселе, Жетісайдан Шымкентке қарай шығатын жолаушылар жарты жолдан түсіп қалатын болса да жол ақысын толық төлеуге мәжбүр. Мәселен, Жетісайдан таяқ тастам жердегі Қызыл-әскерге баратын болса да 2 000 теңге төлейді, одан әрі екі жүз елу шақырым жердегі Шымкентке барса да осы ақшаны төлейді. Бұл – шағын автобустарға төленетін жолақы. Ал, «Хундай» маркалы жылдам жүретін көліктердің ақысы 2500-3000 теңге. Сондағы жүргізушілердің айтатыны: «Біз маршруттың әр орнына ақша төлейміз. Жетісайдан Шымкентке қарай жолға шыққан жолаушы межелі жеріне дейін барса да, жарты жолдан түсіп қалса да сол ақшаны төлеуге тиіс. Өйткені, одан босаған орынға жолдан адам шыға ма, шықпай ма, ол жағы белгісіз. Сол үшін біз 70 шақырымға да, 250 шақырымға да бірдей ақша аламыз».
Жол жайы сөз болғанда көпшіліктің ренішін тудыратын мына мәселені де айтпай кетуге болмас. Ол – жолақының әр күні әртүрлі болып құбылып тұратыны. Әсіресе, мереке қарсаңында жолаушы көп, көлік аз болады да, жүргізушілер көңілі қалаған бағасын айтып шіреніп тұрады. Мұны да ретке келтіруге болатын шығар? Қанша дегенмен, өзіндік тәртібі, қадағалануы тиіс заңы, тұтынушы құқығының бұзылмауын талап ететін тиісті органдары бар мемлекет емеспіз бе? Аудан әкімі осы мәселелерді назарға алып, нәтиже шығарса жақсы болар еді. Бұл тек мені ғана мазалап жүрген мәселе емес, көпшіліктің ұсынысы, бұқара базынасы. Әсіресе, жастардың жағдайын ойлап, алаңдап отыратын ата-аналар үшін өте маңызды осы мәселе аудан және облыс басшыларының назарына ілігіп, жарты миллионға жуық тұрғынның тілегі таяу арада орындалса екен дейміз.
Бибісара қажы ДҮЙСЕНБИЕВА,
еңбек ардагері.
Жетісай ауданы.

Alexa Mika
Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com
sonisvbmnm
Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.