Ахмет Байтұрсынұлының мысал-өлеңдеріне оқушылар сахналық қойылым қойды


 
Шымкент қаласындағы  физика-математика бағытындағы NIS ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  ақын мысалдарының желісі бойынша  «Қырық мысал»   атты   желілік сахналық қойылымдар сайысын өткізді.
 
Әдебиеттің асыл сөздерін, мағыналық болмысын оқушылардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған онлайн сайысқа Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақтау қалаларының NIS мектептері қатысты.
 
Сайыс шартына сай аталған мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал»  шығармасы негізінде дайындаған қойылымдарын өз мектептерінің youtube арналарына жариялады.
 
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде иегері Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS, бірінші орын – физика-математика бағытындағы NIS, екінші орынды Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп өнерпаздары жеңіп алса, үшінші орын – Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS иеленді.
 
– Қызылордалық оқушылардың қойылымында образдарды керемет ашқан. Сахналық безендіру де жоғары деңгейде. Барлық критерийге сай болғандықтан бас жүлдеге лайық деп шешім қабылдадық. Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз, – деді қазылар алқасының мүшесі Гүлдер Бекайдар.
 
Оқушылар ұлт ұстазының «Аңдарға келген індет», «Егіннің бастары», «Кісі мен аю»,  мысал-өлеңдері желісінде қойылым қойған.
 
Айта кетейік, барлық жеңімпаздарға марапаттау қағаздары пошта арқылы жолданды.
Пікір қалдырыңыз