Үрзия апай кәсібін дөңгелетіп отыр

Ұлас ҮСЕНБАЙ, «Ońtústik Qazaqstan».


Қазіргі кезде елімізде мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен  кәсібін ашып, ісін өрге бастаған кәсіпкерлер баршылық. Халыққа сан алуан қызмет түрін ұсынатын бизнес өкілдерінің алдын-ала ойластырылып жасаған қадамдарының алға басуы үшін мемлекет берген қайтарымсыз гранттың пайдасы мол. «Бастау бизнес» жобасының арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артып келеді. Солардың бірі –  Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғыны Үрзия Сіргебаева.

Ол пандемия кезінде болған қиыншылыққа қарамастан мемлекеттен аз да болса қаржылай қолдау алып, шағын кәсібін бастайды. Үрзия – көп балалы ана.  Өзінің негізгі мамандығы  – екі шет тілі пәнінің мұғалімі. 2017 жылдан бастап Үрзия Серікқызы  балаларды ата-аналарының өтініші бойынша үйлеріне барып оқытып жүреді. Кейіннен Леңгір қаласы әкімдігінің көгалдандыру бөліміне жұмысқа тұрып, қоқыс тазалаумен және гүл көшетін егумен екі жыл айналысады. Гүл егіп жүріп арасында балаларға сабақ беруін де тоқтатпай жалғастыра береді. Дегенмен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі өзінің бизнес идеясын ілгерілетуге 2020 жылы бел буады. Содан арнайы оқуын оқып, сертификат алады.  Жобасы  қолдау тауып, 583 мың теңге грант беріледі. Соның нәтижесінде жалға ғимарат алып, репетиторлық орталық ашады.

Қайтарымсыз қаржыға Үрзия апай қажетті оқулықтар мен арнайы тақта және ноутбук сатып алған. Мұнда балалардың ағылшын және орыс тілдерін үйренуіне мейлінше мүмкіндік мол. Осы уақытқа дейін 200-ден аса бала білім алып шыққан. 

– Проектор аламын деп ойлағанмын, алайда, оның адам денсаулығына зиян екенін білген соң теледидар алдым. Одан бөлек, онлайн сабақ жүргізуге керек деп графикалық планшет алдым. Алған ақшам біраз заттарды сатып алуға жетті. Әлі де осы оқу орталығын кеңейте түссем деген ниетім бар. Жалпы, кәсіп бастаушыларға айтарым, оның еш қиындығы жоқ. Орталықтың ашылғанын ата-аналар балаларынан және бір-бірінен естіп, осында келіп жатыр. Мұнда көп балалы отбасылардың балалары тегін оқиды. Егер бір отбасынан екі бала келетін болса, екіншісі 25 пайыз жеңілдікпен оқиды. Көп балалы емес отбасылардың балалары толық төлейді. Қазіргі таңда өзімізді-өзіміз қаржыландырып отырмыз, – дейді орталықтың негізін қалаушы Үрзия Сіргебаева. 

Орталықта, сондай-ақ, қолөнер, ағылшын, орыс тілі, араб тілі, ментальды арифметика, математика және логопед-дефектолог, жылдам оқыту, даярлық топ, көркем жазу, массаж үйрететін қосымша сабақтар өтеді. Осылайша оқу орталығы 9 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қол-өнер бөлімінде  балалар оригами, сабын өнері, бисер, тігін өнерін үйренуде.  Бүгінгі таңда жүзге жуық оқушы білімдерін шыңдауда. 

«Біз онлайн сабақ та өтеміз. «Серік тіл үйрену» ютуб каналым бар. Орталықта дәл онлайн білім алушылар санын қосқанда екі жүзге жуық оқушымыз бар. 14 жыл ағылшын тілінен сабақ бердім. Қазір қарасам балалардың меңгеруі қиындап бара жатыр. Содан өзімнің үш тілде жинақ кітабымды шығардым. Балаларға ыңғайлы болсын деп әліппеден бастадым. Кітапты 6 жастағы балалардан бастап пайдалана алады» дейді ол. 

Көп балалы ана, кәсіпкер Үрзия Серікқызы жаңадан кәсіп ашқысы келетіндер үшін  ақыл-кеңесімен бөлісті. «Көз қорқақ, қол батыр» дегім келеді. Бұл жерде кәсібімді нөлден бастадым. Ұлбосын Айтпенбетова апайымның «Бір емес, екі дипломың бар. Біліміңді пайдаланбайсың ба? Неге базарда, одан қалса гүл егіп жүрсің?» деген сөзі мені жігерлендірді. Әйтпесе, әлі де жүре берер ме едім...» дейді орталық жетекшісі.

 «Серік» білім орталығының нәтижелері жаман емес. Орталықтың оқушылары ментальды арифметикадан Түркістан қаласында өткен жарыстан 2-орын алған. Сонымен қатар, орталық Төлеби ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталған. 

15 пікір

  • Сартаева Зарифа
    Сартаева Зарифа

    Өте керемет Үрзия апай,сізді таңдағаныма қуанамын!

  • Исабаева Гулназ
    Исабаева Гулназ

    ????Жарайсың, класстас⚘⚘⚘

  • Гульзина Маратқызы
    Гульзина Маратқызы

    Үрзия Серікқызы,жарайсыз???? Аллам биік белестерден көрінуіңізді нәсіп етсін,шәкірттеріңіз биік асулардан ассын. Ата-аналардың разылығын алаберіңіз!

  • Калампыр Сиргебаева
    Калампыр Сиргебаева

    Білімді шакіртер коп бола берсин Урзия Серіккызы Бастаган ісіне береке берсін

  • Кушкарова Ботакөз
    Кушкарова Ботакөз

    Урзия апке ісіңіз алға баса берсін салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде шаршамаңыз алдағы жумыстарыңызға сәттілік

  • Акмарал ИСМАИЛОВА
    Акмарал ИСМАИЛОВА

    ҮРЗИЯ ХАНЫМ АЛЛА ІСІҢІЗГЕ БЕРЕКЕ БЕРСІН, ДЕНІҢІГЕ САУЛЫҚ, ОТБАСЫҢЫЗҒА АМАНДЫҚ, ТЫНЫШТЫҚ ТІЛЕЙМІН, ШӘКІРТТЕРІҢІЗ КӨБЕЙІП, БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРДЫ ДЕП СЕНІМ БІЛДІРЕМІН, ЕҢБЕГІҢІЗ ЖАНА БЕРСІН

  • Нұржамал Маратқызы
    Нұржамал Маратқызы

    Үрзия Сіргебаева еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Аллам әрдайым ісіңізді берекелі етсін! Шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтай берсін!

  • Жанысбекова Айнур Алпысқызы
    Жанысбекова Айнур Алпысқызы

    Үрзияны жастайынан білеміз ақ көңіл, көңілі жайсан жан.Әрқашан істеп отырған жұмыстарыңның жемісін көр. Әрбір ата ана балдарын сеніп тапсырған болса, солардың сенім ақтай бер. Білім орталығыңда жақсы ұстаз, шәкірттер көбейе берсін. Тек алға! Елдің алғысына бөленіп,«Серік білім орталығы» Қазақстан еліне даңқы шыға берсін

  • Сания Жанерке анасы. Көкшетау қаласы.
    Сания Жанерке анасы. Көкшетау қаласы.

    Урзия апай мен сіздің біліміңізге тәнтімін. Онлайн сабақты оқытуды басқалар сізден үйренсе екен. Осыдан 2жыл бұрын қызыма ағылшыннан сабақ берер мұғалім іздеп сізді инстаграм арқылы тапқан едім. Сонау Ленгер. қ. Отырып. Мына Көкшетауда отырған қызымды әріптен бастап үйреттіңіз. Қазір қызым колледжге ағылшыннан жоғары бал алып түсті. ісіңіз өрлей берсін

  • Ахметова Макпал
    Ахметова Макпал

    Үрзия Серікқызы ісіңіз өрлей берсін, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрінсін .

Пікір қалдырыңыз