Туризм саласын дамытуда сабақтастық сақталуы тиіс

Жақында Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен  Палата отырысы өтті. Онда Палатаның осы сессиядағы жұмысы қорытындыланып, сенаторлардың заң шығару қызметінің нәтижесіне назар аударылды және алда атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары талқыланды.

«Палата Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды және Президент Жолдауында, Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Ұлттық құрылтайда жүктелген міндеттерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыс істеді. Жаңа сессияға дейін депутаттар өңірлерге барып, жұртшылықпен кездесіп, жергілікті тұрғындарды алаңдатқан өзекті проблемаларға назар аударады. Оларды зерделеп, оң шешілуіне ықпал етеді. Бұл жұмыс Палатаның алдағы сессиядағы заң шығару қызметіне негіз болатыны анық» деді Мәулен Әшімбаев.

Аталған іс-шарада сенаторлар депутаттық сауалдарын да жолдады.

Мәселен, сенатор Айгүл Қапбарова отандық туризм саласына, оның ішінде инфрақұрылым мен логистикаға қатысты проблемаларға тоқталды. Саланы дамыту үшін сенатор ұсынған басымдықтардың қатарында өңірдегі туризмді өркендету деңгейі бойынша әкімдердің бағалау рейтингін енгізу мәселесі бар.

Депутаттың айтуынша, еліміздегі туризм саласын дамытуды тежейтін проблемалар аз емес. Атап айтқанда, туристік саланы дамытуда бірізділік пен сабақтастық жоқ. Қонақүй инфрақұрылымының дамуы артта қалған. Сондай-ақ, интернет сапасы мен туристік қызметтерді цифрландыру деңгейі әлі де төмен, ал, мемлекеттік қолдау шаралары тиімсіз. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 92,3 млн. теңге қаржылық заң бұзушылықтар, 1,5 млрд. теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері анықталған. Енді туризм саласына бөлінген жылдық қаражаттың өзі бар болғаны 5,1 млрд. теңгені құрайтынын ескерсек, атқарылып жатқан жұмыстардың деңгейін шамалауға болады.

«Облыс әкімдерінің қызметін бағалау рейтингісіне туризмді дамыту бойынша көрсеткіш енгізген жөн. Өңірлерде туризм бойынша жекелеген басқармалар құру да маңызды. Жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерден тыс және ұлттық парктер аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша құзырет беру керек. Жоғарыда аталған шаралар Қазақстанда туризмді дамытуға ықпал ететін қауіпсіз және тұрақты инфрақұрылым үшін негіз болады деп санаймыз» деді Айгүл Қапбарова.

Ал, сенатор Мұрат Қадырбек Үкіметті «Сарыағаш емдеу-оңалту орталығын» жекешелендірудің кешенді жоспарынан шығаруға ықпал етуге шақырды. Өйткені, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі қысқартуға ұшырап, жұмыссыз қалу қаупі туындап отыр.

Депутаттың айтуынша, бүгінде шипажай жылына демалуға және емделуге келетін 20  мыңға жуық келушіні қабылдайды. Шипажайларда демалу мен емделудің тәуліктік құны шамамен 14 000-25 000 теңге аралығын құрайды.

«Қазіргі кезде шипажаймен қатар сол аумақта 50-ден астам жекеменшік шипажайлар бар. Олардын қызмет көрсету бағасы 40 000-120 000 теңге аралығында, яғни қарапайым халық үшін қолжетімсіз. «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, шипажай бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген. Шипажайдың кешенді жоспарға енуі ауыл тұрғындарын қатты алаңдатуда. Себебі, ауыл тұрғындары негізінен осы шипажайда жұмыс істейді. Ол жекешелендірілген жағдайда сатып алушы пайда қуып, оңтайландыру жұмыстарын жүргізуі мүмкін. Бұл өз кезегінде қарапайым қызметкерлердің қысқаруына алып келеді»  деді депутат.

 

Б.ДӘРІҚОЖА.

1 пікір

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз