Жетісайдың қауындары-ай, дәмі тіл үйіреді!

Жетісай ауданының еңбекқор шаруалары биыл 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге – бақша, 7,2 мың гектар жерге – дәндік жүгері, 3,3 мың гектар жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа жоңышқа дақылын екті.
Жетісайлық шаруалардың айтуынша, ақпанда отырғызылған көшеттер ауа райының қолайсыздығы салдарынан мерзімінен кештеу піскенімен, сұранысқа ие. Қазіргі уақытта өнімдер Ресей Федерациясына экспортталып жатыр.
«Биыл қауынымыз жылдағыдан кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Бүгінде өнімдерімізді ешқандай делдалсыз егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, Ресейге жіберіп жатырмыз» дейді олар.
Айта кетейік, биылғы жылы аудандағы суармалы жердің 20 мың гектарына егілген бақша дақылдарының 16 мың гектары қауын болса, 4 мың гектары қарбыз дақылы. Ал, өткен жылы 18 780 гектар алқапқа егілген бақшаның 14 мың гектары қауын, 4,6 мың гектары қарбыз болған. Былтыр жалпы алынған өнім көлемі 514,3 мың тоннаны құраған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

1 пікір

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

Пікір қалдырыңыз