Сауранда өндіріс те қарқын алған

Бауыржан ЕРМАН, «Оңтүстік Қазақстан».

Сауран ауданының құрылғанына бірер ғана жыл болса да, соңғы кездері облыстағы аудан, қалалар арасында түрлі салаларда көш басынан көрініп жүр. Тарихи өлкенің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан бұлай жылдам дамуына соңғы жылдары аймақта өндіріс орындарының көптеп ашылуы ықпал етіп жатқандай. Айталық, Түркістан облысын жиһаз өндірісі бойынша алдыңғы орынға шығарған ауданда бүгінде заманауи технологиялар әкелініп, кәсіпкерлердің қатары қалыңдауда. Өзге де салалар бойынша тындырымды тірліктер атқарылып келеді. Олардың бірнешеуімен ауданға арнайы баспасөз турымен барған БАҚ өкілдері де танысып қайтты.

 

Мәселен, бүгінде Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару құрылғылары мен тракторлар құрастырылып жатыр. Сексен адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына мыңға тарта технология мен қажетті машиналар шығара алады. Тиісінше, олар шығарған техникаларға еліміздің өңірлерінен ғана емес,  шет мемлекеттерден де сұраныс түсе бастады.

– Алдағы уақытта өнімдерімізді алыс-жақын шетелдерге көптеп шығаруды жоспарлап отырмыз. Егін шаруашылығы қарқынды дамыған Түркістан облысы үшін біздің жаңбырлатып суару машиналары және біз құрастыратын тракторлардың маңызы зор деп есептеймін, – дейді мекеме басшысы Ниязәлі Бейсенбаев.

Өңір журналистері мүгедектер қоғамының осы ауылдық округте орын тепкен «Ақниет Холдинг» кәсіп­орнына да бас сұқты. Мұнда тұрақты жұмыс істеп жүрген 100 адам әскери шатыр тігумен айналысады. Оған қоса, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығаруды да қолға алған.

БАҚ өкілдері табан тіреген келесі бір нысан Қарашық ауылдық округіндегі «Дильназ» шаруашылығы болды. Бұл жылыжайда жыл бойы үйге және көшеге егетін түрлі гүлдер мен ағаштар өсіріледі екен. Раушан, хризантема, лотос, петуния гүлдері мен шырша және жеміс ағаштарының көшеттеріне сұраныс өте жоғары. Ал, елімізде сирек өсетін гүлдерді Қытай, Нидерланд елдерінен тапсырыспен алдырады. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметі де жолға қойылған. Кәсіпкер Дильназ Омарова гүлді суару үшін заманауи технологияларды қолдануда. Сонымен бірге, бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер де шығарады. Қазіргі таңда бұл жылыжайда көптеген жергілікті тұрғын нәпақаларын айыруда.

Ал, Шорнақ ауылдық округіндегі «TAK Mebel» жиһаз кәсіпорны жылына 12 мың дана жиһаз жасап шығарады. Цехта елуге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы жиһаздарға сұраныс та жоғары. Өнім сапасын арттыру үшін заман талабына сай материалдар пайдаланылады.

– Өндіріс орны дизайнерлердің қатысуымен сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыларға тек сапалы жиһаз ұсынуда. Аталмыш кәсіпорынның қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығарады. Қазіргі таңда «TAK Mebel» жиһаз кәсіпорнының өнімдерін еліміздің бірқатар аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен кездестіруге болады. Шетелдік өнімдерден кем түспейтін отандық өнімді тұтыну арқылы жеке кәсіпкерлердің бизнесін дамытқан болар едік, – деді баспасөз турын түйіндеген Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров.

2 пікір

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз