Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қуантады

Түркістан облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң деңгейде қалыптасты. Өңірдегі жалпы сауда көлемі 219,7 млрд. теңгені құрап, 108,8% -ға өсті. Облысымыз бөлшек сауда көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бергі бөлшек сауда көлемі 150,5 млрд. теңгеге жетіп, 112,4% -ға өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 533,9 млрд. теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 224,2 млрд. теңгені құрады. 

Экономикалық өсудің негізгі драйвері ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 476,9 млрд. теңгені, немесе 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ды құрады. Бұл ретте мал шаруашылығы +0,2%-ға, егін шаруашылығы +9%-ға артты. Облыста сиыр сүтін өндіру +0,9%-ға, жұмыртқа өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда +10,5%-ға ұлғайды. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі 168,6 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,3%-ды құрады. Осымен бірге, жалпы республика бойынша тұрғын үй құрылысының бәсеңдеуіне қарамастан, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы +33,7%-ға артты немесе 486,1 мың шаршы метрге жетті. 
Сонымен қатар, облысқа 337,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда +1,7%-ға артық. Сондай-ақ, 2022 жылғы тамызда тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,8%-ды құрады. 
Бұдан бөлек, биылғы жылғы қаңтар-тамызда көлік және логистика саласы +10,6%-ға артып, 285,8 млрд. теңгеге жетті. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені, немесе 108,7%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз үздік үштікке енді.
Пікір қалдырыңыз