Балабақшаларды лицензиялау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан балабақшаларды лицензиялау мәселесі бойынша толық ақпараттар әлеуметтік желілерде түсіндірілді.

 

Лицензиялау мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды. Ли­цензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек. Мұндағы талаптар балабақшадағы жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау және т.б. туралы болып отыр.

 

Сондай-ақ, лицензиялаудың басталуы 2024 жылға  жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз, мектепке дейінгі ұйымдарға жұ­мыс­ты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт беріледі.   

 

Балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Одан соң қайта мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар, содан кейін барлық жұмыс істеп тұрған ұйымдар лицензияланады. 

 

Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы тоқтатылған болатын. Ол кезде бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні балабақшамен 100 пайызға дейін қамтуға қол жеткіздік.

 

Шымкент қаласы бойынша 577 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, оның 72-і мемлекеттік және 505-і жекеменшік. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту - 88,3пайыз, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту – 100 пайызды құрап отыр. Енді сапа мәселесін бірінші орынға қою қажеттігі туындады. Сондықтан, балабақшалар жұмысын талапқа сай, сапалы жүргізуге жұмыс жасау керек, ал сәйкессіздіктері болса, оларды жою қажет.

 

Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы.

 

 

Шымкент қаласының білім басқармасының

Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы 

П.Бектаева.

Пікір қалдырыңыз