Экобазарда – ақтөбелік өнімдер

Түркістан қаласының Экобазар кешенінде Ақтөбе облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан келген жиырмадан астам тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылды. Ақтөбе өңірінен жалпы көлемі 15 тонна тауар әкелінген. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін күнбағыс майы, ет, балық, шұжық, жұмыртқа, бал, ұн, өсімдік майы, сүт және кондитерлік өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылды.



Пікір қалдырыңыз