Уақыт жаңаруды талап етеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазіргі қоғамда жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің маңызы және олардың бағыттары мейлінше айқын тұжырымдалғанын білеміз.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан тұста әлеуметтік-экономикалық жаңғыруымен қатар рухани жаңғыруды тең ұстау – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Қазіргі таңда жастарға білім беру жаңа идеяларды, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оларды жан-жақты қолдануды, білім сапасын жетілдіруді талап етеді.

Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтып жеткізе алмайтын  ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемділігі мен нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Қазақ халқының дәстүрлі өнеріне ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады. Домбыра – қазақ халқының өзімен бірге жасап келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған ұлттық аспап.

Ал, хор және вокал өнеріне келсек, бұл жанр халқымызға өткен ғасырдың басында келіп, қазіргі уақытта қарқынды дамыған. Хормен ән орындау танымдық өсу жолында эстетикалық көзқарастың қалыптасуына, сонымен қатар, еліміздегі жалпы музыкалық мәдениетіміздің өсу саласында аса маңызды орын алады.

Талапты да талантты жастар ел ішінде мол екендігі белгілі. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, соларды тауып, жоғары білікті кәсіби мамандар даярлау – тәжірибелі ұстаздардың міндеті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменті университеттің еңбек нарығында сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын ұсыну тізімін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осыған орай наурыз мейрамы қарсаңында университетімізде «Дәстүрлі музыка және вокал» мамандығының ашылуы өтті. Дәстүрлі музыкалық өнер және вокал (халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) әртісі, оқытушы) мамандығы бойынша бакалаврларды оқыту «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын насихаттайтын болашақ мамандарды даярлауға бағытталған. Сондай-ақ, дәстүрлі музыкалық өнердің дамуына үлес қосады. Мамандықтың негізгі базасы – облыстық филармония, халық шығармашылығын дамыту орталығы, мәдени өндірістік қызметті және мамандандырылған мектептер болып табылады.

Оған қоса «Вокалдық-хор қызметті басқару» мамандығы ашылды. Бұл мамандықта білім алған түлектер бүгінде мәдени-демалыс мекемелерінде, өнер саласындағы мамандандырылған мекемелерде, филармонияда, Оқушылар сарайлары мен Мәдениет сарайларында сұранысқа ие.

Ш.ӘДІЛОВА, Р.ЖАНАБАЕВА, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушылары.

 

 

22 пікір

  • Елгонова С
    Елгонова С

    тек алга саттилик

  • Сәбит Естемқұлов
    Сәбит Естемқұлов

    Тәрбиенің маңызды құралдарының бірі - ол музыкалық өнер. Музыкалық білім кафедрасынан ашылып отырған бұл мамандықтар қазіргі заманға сай өте қажетті мамандықтар. СӘТТІЛІК Кафедра ұжымы!!!

  • Ағабекова Салтанат Сабитқызы
    Ағабекова Салтанат Сабитқызы

    Қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған мамандықтардың бірі " Вокалдық- хор қызметті басқару" мен " Дәстүрлі музыка және вокал" мамандықтарының ашылуы өңіріміздегі өнерлі жастар үшін өте керек мамандық болып табылады. Болашақта біздің өнерліде талантты жастарымыз, осы мамандықтарды таңдап, ары қарай елімізге кәсіби деңгейде адал қызмет ететіндеріне кәміл сенемін. !!!

  •  Рахмаш Имангали
    Рахмаш Имангали

    Кафедра алга, саттилик! Ашылып жаткан мамандыгымыз куттыболсын! Жастарды дастурли онерге баулып, тарбиелеуде оте Канетти мамандыктары! Алга!

  • ЭЛЬМИРА ЖАНАБАЕВА
    ЭЛЬМИРА ЖАНАБАЕВА

    Дұрыс болашақ жастардың қолында Өнерлі де өнегелі ұрпақ тәрбиелеу сіз бен біздің міндетіміз содықтан да тек қана СӘТТІЛІК АЛҒА

  • Ибрагимова Эльмира Абикуловна
    Ибрагимова Эльмира Абикуловна

    Заманауи жогаргы оку урдисинин талаптарына сай Музыкалык билим кафедрасынын ашылып жаткам мамандыктары Канетти мамандыктары. Халкымыздын дастурли музыкалык онерин дариптеп, жас тарбиелеп, улттык онеримизди кастерлейик! Кафедрага саттилик, алга!

  • Ибрагимова Эльмира Абикуловна
    Ибрагимова Эльмира Абикуловна

    Дастурли музыкалык онер жане вокал мамандыктары казирги заманауи билим беру талаптарына оте кадетом мамандык. Халкымыздын дастурли музыкалык аспатары орындаушылык онерге жастарды тарбиелеуде кажетти. Кафедрамызга саттилик, алга!

  • ЖАНАБАЕВА ДИНА
    ЖАНАБАЕВА ДИНА

    Осы жасалып жатқан жұмыстарға тек қана сәттілік АЛҒА

  • Көмекбай Әділхан
    Көмекбай Әділхан

    Осындай керек мамандықтар ашылса дұрыс болар еді. Жастардың тыңдағаны реп, хоп, мағынасы жоқ әндер болып барады

  • Көмекбай Әділхан
    Көмекбай Әділхан

    Осындай керек мамандықтар ашылса дұрыс болар еді, жастардың тыңдағаны, көргені жеңіл әндер, реп, хоп, мағынасы жоқ әйтеуір

Пікір қалдырыңыз