«Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат»

Эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты облыстық байқау өз мәресіне жетті. Облыстың барлық аудан, қалаларынан жиналған мектеп оқушылары «Мұңлық-Зарлық» жырын жатқа айтудан сынға түсті.

Байқауға «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, жыршы, термеші Әбдіғаппар Айдаров әділқазылық етті. Қазылар алқасы үміткерлердің эпостық жырды айту мәнеріне, жаттау қабілетіне, дауыс тазалығына, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне баса назар аударды.

Әділқазылар алқасы шешімімен бас жүлдені түркістандық Айару Сембай иеленді. Жүлделі I орын Отырар ауданынан келген Кәусар Бабаханға бұйырды. Ал, қазығұрттық мектеп оқушысы Әсет Исахбай мен түркістандық Аяулым Өтебек II орын иегері атанды. Арыстық Айым Сапарәлі, Жетісай ауданынан келген Інжу Пердебай және Диана Дүйсенбай жүлделі III орынды қанжығаларына байлады. Бұдан бөлек «Мұңлық-Зарлық» жырын жатқа айтудан үздік деп танылған басқа қатысушыларға да арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, сайыстың негізгі мақсаты қазақ халқының сан ғасырлар бойы бастан кешкен тарихын, батырлардың ерлігін, қазақ ауыз әдебиетінің асыл мұраларын, эпостық жырларды дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық фольклор үлгілерін халық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

1 пікір

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз