Өзгерісті өзіңнен баста

    Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің  әлеуметтік экономикалық  дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Сол себепті бүгінгі таңда мектеп реформасына бірнеше өзгерістер енгізілуде.  Ондағы басты шарт ұйымды  жетістікке жателейтін  кәсіби басқару қажет. Бүгінде оны жүзеге асыратын басшы-менеджер. Менеджердің рөлі мен лауазымдық сипаттамасы ұйымның функциялары мен бөлімшелерін табысқа жету үшін біріктіретін ұйымның жұмыс деңгейіне сәйкес келу керек.

Оның үстіне менеджер жақсы қасиеттерді өзінде дамытуы керек:

- қиын жағдайдан қорықпау керек;

- күйгелектенуден  сақ  болуы керек;

- өндіріс шешімін бірнеше варианттардан іздеу керек;

- шыдамды болу керек (артық сөз айтпау, ұрыспау керек)

- патриот болу керек:

- ізденуден жалықпау керек;

- мәдениет пен әдептілікті ту ету керек;

- шешім қабылдауда тиімді әдістерді білу керек;

- кез-келген адаммен тіл табыса білуі керек;

- көшбасшылық қабілетті артуы керек;

- тәжірибелік дағдылар мен өнегелік тұтастықты білу керек;

Міне керек деген бірнеше талаптарды тізбектеп шықтым. Енді бастысы 

өз қызметкерлеріңізге шынайы құрмет, сенім, олар үшін сәттілік жағдайларын жасау негізінде құрылған қарым- қатынасты орнату қажет деп ойлаймын.  

Себебі,  бүгінгі білім беру үдерісіндегі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен міндет тұр,  ол   мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру. Мектеп қабырғасында алған білімді ертеңгі күні өмірде қолданатын дағдымен, біліммен, өнермен қамтамасыз ету керек. Ал оған біз мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру  арқылы қол жеткізетініміз анық. Ол үшін қолайлы орта, немесе бүгінде көп қолданып жүрген колобаративті ортаны қалыптастыруымыз қажет.  

 

     Атақты педагог Шалва Аманошвили 7 сыныпқадейін үлгерімі төмен оқушы болған екен. Сол 7 сыныпқа көшкен кезінде мектепке жаңа ұстаз келіпті. Ол ұстаз сыныпқа сабағын сүйіспеншілікпен бергені соншалықты. Үлгермеуші Аманошвили ұстазының  оқушыларға деген махаббатын, сүйіспеншілігін сезінгеннен кейін оқуы жақсарып, тіпті мектепті алтын медальмен аяқтаған екен.

Енді ойланып көрейік, біз сол мейрімді , сүйіспеншілікті,  оқушыға  деген махаббатты жеткілікті мөлшерде беріп жүрміз бе? Ол мөлшер қандай болу керек?

     Қорыта келіп, оқушының бойынан өзгеріс көргіміз келсе, онда біз өзімізден бастауымыз керек. Күнделікті күйбелең тіршілік бітпейтіні анық. Ендеше оқушыңызға күнделікті күннің нұрын шашатын ұстаз болыңыз.  Әр оқушының бойынан жақсы қасиеттерін тауып  күнделікті қайталап отыруды әдетке айналдырыңыз. Сіздің сыныбыңызда тек дарынды, ақылды, тапқыр оқушылардың отырғанына бірінші болып, өзіңіз сенуіңіз керек.

 

 

Түркістан облысы Жетісай ауданы

№49 «Сырдария» жалпы білім беретін 

мектебінің директоры

 Еримбетова Гулжазира Налжигитовна

Пікір қалдырыңыз