7 инвест жоба: 600 жұмыс орны

Арыс қаласында биыл жалпы құны 31 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, оларда 588 жұмыс орны ашылмақ. Ал, былтыр қала экономикасына тартылған жалпы инвестиция көлемі 14 млрд. 651 млн. теңгені құраған.

Cондай-ақ, 2020 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд. 593 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің және ұсынылған қызметтердің көлемі 30 млрд. 366 млн. теңгеге жеткен. Ал, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын несиелендіру бойынша барлығы 452,6 млн. теңгеге 82 жоба қаржыландырылған.

Ал, ауыл шаруашылығы саласында былтыр 17 млрд. 730,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Есепті жыл ішінде мал басы және мал шаруашылығының өнімдері барлық түрінен артқан. 8 078,8 тонна ет, 20 402,4 тонна сүт, 7 706,6 мың жұмыртқа өндірілген.

 

 

Пікір қалдырыңыз