Мемлекеттік басқару моделі жаңарады


Бүгінгі VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл адамзат үшін 21-ші ғасырдың 21-ші жылы өзгеріс уақыты болатынын атап өтті. Енді алдағы онжылдықтың болашағы айқындалады. Кешенді реформалар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дейін жүзеге асырылмақ.

Жаңартылған Парламенттің алдында екі маңызды міндет тұр. Оның біріншісі сапалы заңдар қабылдау болса, екіншісі – өткір мәселелер жедел шешілетін орталыққа айналу. Мемлекет басшысы біздің елдің заңнамалық жүйесін жан-жақты жетілдіру қажет екенін баса айтты. Заңның үстемдігін дамытуға, азаматтардың билікке деген сенімін арттыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу. Өйткені, егер азаматтардың құқықтары тиісті деңгейде қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Мұның шындық екенін мойындаймыз.

Жаңартылған Парламент ел Президенті белгілеген міндеттерді жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс істейтініне және халық өкілдері әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартуға лайықты үлес қосатынына сенімдімін.

 

Әміреқұл Әбуов,

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің проректоры, философия ғылымдарының докторы.

Пікір қалдырыңыз