Журналист, ҚР Президенті грантының иегері Анар (Аспан) Бәкірованы еске алу құрметіне арналған «АҚИҚАТ СӨЗ – АЙБЫНЫМ» атты байқаудың ЕРЕЖЕСІ

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті осы басылымның жүлдесі үшін журналист қыз-келіншектер арасында «Ақиқат сөз – айбыным» атты шығармашылық байқау жариялайды. Байқау осы басылымның бас редакторы қызметін атқарған танымал журналист, ҚР Президенті грантының иегері, марқұм Анар (Аспан) Бәкірованың 60 жылдығына орай ұйымдастырылады.

Байқаудың мақсаты:

l адам құқығы мен еркіндігін сақтау және сыйлауды дәріптеу;

l адам құқығын бұзуға қатысты проблемаларды көрсетудің тиімділігін арттыру;

l Түркістан облысы және Шымкент қаласы тұрғындары ішінде құқықтық білімді насихаттау;

l журналистердің бұл саладағы жоғары кәсібилігін қалыптастыру және соны дәріптеу.

Байқаудың шарты:

l байқауға Түркістан облысында және Шымкент қаласында тіркелген баспа басылымдарда жұмыс істейтін журналист қыз-келіншектер ғана қатыса алады;

l байқауға 2020 жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығында жарық көрген материалдар қабылданады;

l байқау материалдары 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады;

l әр автордың бір ғана жұмысы қабылданады;

l байқау ұйымдастырушылары авторлық құқық бойынша талас-тартысқа жауапты емес;

l байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

l байқау жұмыстары электронды түрде онлайн формада тапсырылуы тиіс;

l барлық материалдардың жарияланғаны туралы мәлімет болуы тиіс (газет немесе журнал көшірмесі қоса жіберілуі қажет);

l Байқауға жолданған материалдың көлемі А-4 форматта, Times New Roman қарпімен, 4 беттен аспауы тиіс.

 

Байқаудың жүлде қоры:

1-орын (біреу) – 300 000 теңге

2-орын (біреу) – 200 000 теңге

3-орын (біреу) – 100 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – 30 000 теңгеден.

 

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:

l байқау материалдары қоғамдық пікір туғызуы, көтерілген проблемалар қоғамда талқылануы қажет;

l байқау материалдары Түркістан облысы және Шымкент қаласы аумағындағы адам құқығы бойынша нақты мәселелерді көтеруі керек;

l байқау материалдарында құқық қорғау проблемалары жан-жақты сарапталып көрсетілгені абзал;

l байқау материалдарында келтірілген цифрлар, фактілер мен басқа да мәліметтер жалған болмауы қажет.

 

Байқау жұмыстары okgazeti@gmail.com электронды поштасына «Бәйгеге» деген белгімен қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін: 87786580376, 87763580376.

Ұйымдастыру алқасы.

 

 

Пікір қалдырыңыз