ҰСТАЗ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ ТІРЕГІ

Сапалы білім, қауіпсіз орта, шығармашылық мүмкіндік –

                                                                   тұлға қалыптастырудың негізі

   Мектеп – баланың білім алып қана қоймай, өмірді танып, өз қабілетін ашып, адамдық қасиеттерді бойына сіңіретін үлкен тәрбие ордасы. Ал осы ортаға жылу беріп, әр баланың жүрегіне жол табатын тұлға – ұстаз. Ұстаз еңбегінің мәні тек сабақ түсіндірумен өлшенбейді. Әр баланың бойындағы қабілетті байқап, оны қолдау, білімге қызығушылығын ояту, жақсыға ұмтылдыру, өзіне деген сенімін қалыптастыру – мұғалімнің күнделікті еңбегінің ажырамас бөлігі. Сондықтан ұстаздық – білім мен тәрбиені қатар алып жүретін, үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық.

     Бастауыш сынып – баланың мектеп өміріне бейімделіп, білім алудың алғашқы дағдыларын қалыптастыратын ерекше кезең. Бұл уақытта оқушы әріп танып, есеп шығаруды ғана үйренбейді. Ол тыңдауды, өз ойын жеткізуді, сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, жауапкершілік алуды, өз еңбегінің нәтижесіне қуана білуді үйренеді. Бастауыштағы әр сабақ баланың болашақ оқуына берік негіз қалайды.        Мұғалімнің жылы сөзі, орынды қолдауы мен талап қоя білуі оқушының өзіне деген сенімін қалыптастырады. Бала үшін «Менің қолымнан келеді!» деген сенімнің пайда болуы – білім жолындағы үлкен жетістіктің бастауы.

      Әр баланың қабілеті мен қызығушылығы, оқу қарқыны әртүрлі. Бір оқушы есепке бейім болса, бірі мәнерлеп оқуға, енді бірі өнерге немесе спортқа қызығады. Осындай ерекшеліктерді дер кезінде байқап, оқушының мүмкіндігіне сай қолдау көрсету – ұстаз шеберлігінің бір көрінісі. Баланың кішкентай жетістігін байқап, оған қуат беретін жылы сөз айту да оның алға ұмтылысына үлкен әсер етеді. Өйткені балаға кейде күрделі тапсырмадан бұрын өз күшіне деген сенім қажет.

     Білім сапасы қолайлы әрі қауіпсіз ортамен де тығыз байланысты. Бала өзін қауіпсіз сезінген жерде еркін ойлап, өз пікірін білдіріп, жаңа нәрсені үйренуге талпынады. Сондықтан қауіпсіздік тек белгілі бір ережелерді сақтаумен шектелмейді. Ол – оқушының өзін құрметтелген, қорғалған және қажет екенін сезінуі. Мектепте оқушыларға жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай кезіндегі әрекет, жеке бас қауіпсіздігі және цифрлық ортадағы қауіпсіздік туралы түсініктер беріледі. Сонымен қатар достық қарым-қатынас, бір-бірін сыйлау, әдепті сөйлеу, жанындағы адамға қолдау көрсету секілді адамгершілік құндылықтар да күнделікті тәрбие үдерісінің маңызды бөлігіне айналады.

     Мектеп мәдениетінің қарапайым әрі маңызды көріністерінің бірі – сәлемдесу. «Сәлем – сөздің анасы» дейді халқымыз. Үлкенге сәлем беру, ұстазды құрметтеу, мектеп қызметкерлеріне ізет көрсету, қатарласына жылы сөз айту – баланың бойындағы әдептіліктің белгісі. Сәлемдесу арқылы бала амандасуды ғана емес, адамды сыйлауды, қарым-қатынас мәдениетін үйренеді. Осындай қарапайым көрінетін жақсы әдеттер баланың күнделікті мінез-құлқына айналып, оның тұлғалық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

     Мектепте оқушының білім алуымен қатар шығармашылық қабілетін дамытуға, қызығушылығын арттыруға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға да мүмкіндік жасалуы маңызды. Осы бағытта вокал, би, домбыра, шахмат, футбол, волейбол, ағылшын тілі сияқты үйірмелердің жұмысы оқушылар үшін үлкен мүмкіндік береді. Үйірме – баланың бос уақытын өткізетін орын ғана емес, оның өз қабілетін танып, жаңа нәрсеге қызығып, өзіне сенімді болуына ықпал ететін орта. Бір бала ән арқылы жүрегіндегі сезімін жеткізсе, екіншісі домбыра арқылы ұлттық өнерді танып-біледі. Бірі шахмат арқылы ойлау қабілетін дамытса, енді бірі спорт арқылы төзімділік пен тәртіпке үйренеді. Осындай бағыттардың әрқайсысы баланың жан-жақты қалыптасуына өз үлесін қосады.

Мектептегі әрбір жақсы бастаманың артында ұстаздың еңбегі бар. Ұстаз – білім беруші ғана емес, бағыт көрсетуші, қолдаушы, тәрбиеші, оқушының бойындағы мүмкіндікті көре білетін тұлға. Оның әрбір сөзі мен ісі баланың болашағына әсер етеді. Кейде мұғалімнің бір ауыз жылы сөзі оқушының өзіне деген сенімін арттырса, бір қарапайым кеңесі оның өмірлік ұстанымына айналуы мүмкін. Сондықтан ұстаздық қызмет – үздіксіз ізденісті, сабырды, мейірімділікті және жүрек жылуын талап ететін ұлы еңбек.

     Ұстаз еңбегінің нәтижесі тек баға немесе білім көрсеткішімен өлшенбейді. Оның ең үлкен нәтижесі – тәрбиелі, білімге құштар, өз ойын еркін жеткізе алатын, жауапкершілікті сезінетін, айналасына құрметпен қарайтын тұлғаның қалыптасуы. Бүгінгі мектеп партасында отырған бала – ертеңгі елдің азаматы. Оның бойындағы білім, тәрбие, еңбекқорлық, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ұстаздың қосқан үлесі өлшеусіз.

     Ұстаздар күні – осындай ұлы еңбекті бағалайтын, ұстазға деген құрметті білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – шәкірт жүрегіндегі алғыстың, ата-ана ризашылығының, қоғамның ұстаз еңбегіне деген құрметінің көрінісі. Ұстазға айтылған әрбір жылы сөз оның еңбегіне берілген үлкен баға.

      Ұстаз – мектептің жүрегі, ұрпақтың тірегі. Оның еңбегі – бүгінгі баланың ертеңгі болашағына салынған берік негіз. Мектептің әрбір жетістігінің, әрбір оқушының қуанышы мен жеңісінің артында маңдай терін төккен ұстаздың еңбегі жатыр. Сондықтан ұстаз еңбегі әрдайым құрметке, алғысқа және жоғары бағалауға лайық.

Барша ұстаздарға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби толағай табыс, отбасыларына амандық және шәкірттерінің биігін көретін бақыт тілейміз! Ұстаз берген білім мен тәрбие шәкірт жүрегінде мәңгі сақталсын!

 

 

Айгүл ШАХИДИНОВА,

«№75 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

Жетісай ауданы.

2 пікір

  • Passport application
    Passport application

    My Experience with CYBERNOX GREYHAT SECURITY I came across several testimonials about CYBERNOX GREYHAT SECURITY while researching ways to address my cryptocurrency loss. I had reportedly lost over $750,000 to someone I met online through a fraudulent investment project. After the incident, I spent considerable time researching possible ways to trace the transactions and seek recovery of my funds. I contacted CYBERNOX GREYHAT SECURITY and provided the relevant information about the incident. According to my experience, the process took approximately 24 hours, and their team communicated with me throughout the process. Online investment fraud can be stressful and financially devastating. If you have experienced a similar situation, consider documenting the incident, contacting your cryptocurrency exchange, and reporting the fraud to the appropriate authorities. Verify any recovery service independently before sharing personal information or paying fees. CONTACT INFORMATION Phone / WhatsApp: +44 7928 388124 Website: https://cybernoxsecurity.com Email: support@cybernoxsecurity.com

  • Passport application
    Passport application

    My Experience with CYBERNOX GREYHAT SECURITY I came across several testimonials about CYBERNOX GREYHAT SECURITY while researching ways to address my cryptocurrency loss. I had reportedly lost over $750,000 to someone I met online through a fraudulent investment project. After the incident, I spent considerable time researching possible ways to trace the transactions and seek recovery of my funds. I contacted CYBERNOX GREYHAT SECURITY and provided the relevant information about the incident. According to my experience, the process took approximately 24 hours, and their team communicated with me throughout the process. Online investment fraud can be stressful and financially devastating. If you have experienced a similar situation, consider documenting the incident, contacting your cryptocurrency exchange, and reporting the fraud to the appropriate authorities. Verify any recovery service independently before sharing personal information or paying fees. CONTACT INFORMATION Phone / WhatsApp: +44 7928 388124 Website: https://cybernoxsecurity.com Email: support@cybernoxsecurity.com

Пікір қалдырыңыз