«Қазақстанда жасалған» өнім неміс сапасына сай болуы керек

KAZINFORM. Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмай­ердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды. Екі ел басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Бірлескен декларация қабылдады. Сапар барысында Қазақстан Президенті Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесті. Бұдан соң Мемлекет басшысының сапары Мюнхенде жалғасты.  Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Баварияны технологиялық прогресс пен өнеркәсіптік жетістіктері бай мәдени мұрасымен, берік дәстүрлерімен және жаңашылдық рухымен үйлесім тапқан бірегей өңір деп атады.
Мемлекет басшысы Бавария Германияның федералдық жерлері арасында Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екеніне тоқтады.
– Қазақстан бұл аймаққа, негізінен, мұнай, ферроқорытпа, болат, мыс, алюминий, бейорганикалық химиялық заттар, майлы дақылдар, бидай және басқа да тауарлар экспорттайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бавария бизнесі Қазақстанмен өзара тиімді кооперацияны дамытуға қызығушылық танытты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Бавария технологиясын енгізіп, неміс сапасына сай өнім өндіруді қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығының басым бағыты ретінде атады. 
Президент елімізде Баварияның жетекші компаниялары, соның ішінде Siemens, Siemens Energy, Knauf, Horsch және басқа да кәсіпорындары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ-герман экономикалық қарым-қатынасының келесі кезеңі озық технологиялармен, жоғары технологиялық өндіріспен және жаңа нарықтарды бірлесе игерумен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық компания жетекшілеріне елімізде инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдай, атап айтқанда, Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб пен Астана халықаралық қаржы орталығы туралы кеңінен мағлұмат берді. Содан кейін Президент өзара тиімді серіктестіктің негізгі бағыттарына тоқталды.
– Озық өндірісті дамыту негізгі басымдықтардың бірі болғаны абзал. Қазақстан машина жасау, металлургия, электр техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісін дамытуды қолға алды. Әйтсе де еңбек өнімділігін одан әрі арттыру үшін өндірісті автоматтандырып, роботты техника мен озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Siemens және KUKA секілді компаниялар аталған салаларда көшбасшы саналады. Қазақстанның ірі кәсіпорындары, соның ішінде Qarmet те бар, өнеркәсіп саласындағы тұрақты сұраныс пен сенімді серіктестік байланыстарды қамтамасыз ете алады. Өршіл мақсаттарымызды «Қазақстанда Бавария технологиясы арқылы неміс сапасына сай жасалған»деген қарапайым сөзбен бейнелеуге болады, – деді Мемлекет басшысы.
– Неміс өнеркәсібі маңызды ресурстардың жеткізілу жолдары сенімді және әр тараптан болуына мүдделі. Қазақстан бұл орайда мыс, титан, алюминий, берилий, тантал, ниобий секілді элементтермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ете алады, – деді Қазақстан Президенті.

3 пікір

  • Passport application
    Passport application

    My Experience with CYBERNOX GREYHAT SECURITY I came across several testimonials about CYBERNOX GREYHAT SECURITY while researching ways to address my cryptocurrency loss. I had reportedly lost over $750,000 to someone I met online through a fraudulent investment project. After the incident, I spent considerable time researching possible ways to trace the transactions and seek recovery of my funds. I contacted CYBERNOX GREYHAT SECURITY and provided the relevant information about the incident. According to my experience, the process took approximately 24 hours, and their team communicated with me throughout the process. Online investment fraud can be stressful and financially devastating. If you have experienced a similar situation, consider documenting the incident, contacting your cryptocurrency exchange, and reporting the fraud to the appropriate authorities. Verify any recovery service independently before sharing personal information or paying fees. CONTACT INFORMATION Phone / WhatsApp: +44 7928 388124 Website: https://cybernoxsecurity.com Email: support@cybernoxsecurity.com

  • Charissa Miguel
    Charissa Miguel

    I am open to sharing my experience with Bitcoin investment and losing money to scammers. However, yes, it is possible to recover your stolen bitcoins. I never believed in Bitcoin recovery because I was told it was not possible. However, sometime in April, I fell for a forex scam that promised overly high returns and ended up losing close to $55,000. I searched for a month for help until I finally came across an article on Reddit regarding recovering stolen cryptocurrency, so I reached out to them at support@boleynonline.com) Or boleynonline.com, I was so scared and skeptical because I had heard of bad experiences. Still, I decided to give him a try, and to my great surprise, I recovered all my stolen bitcoins from the scammers within a very short time. And they were able to introduce me to the best and legit BTC investment I am so happy to keep getting my daily BTC. All I do is keep 0.1 BTC in my mining wallet with the help of Boleyn Magic Hackers. They connected me to his mining stream, and I earn 0.4 BTC daily with this, my daily profit. I can get myself a new house and car. I can’t believe I have thousands of dollars in my bank account. Now you can get in.

Пікір қалдырыңыз