Шуаққа шомылған шаңырақ
Әтіргүл Тәшім,
«Оңтүстік Қазақстан».
Түркістандық Оразғали Сапарбаев пен Меруерт Әбілқайырованың шаңырағын шаттық ұялаған шұғылалы мекен десек, онымыз асыра айтқандық болмас еді. Тоғыз перзентті дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған Оразғали мен Меруерттің отбасында сәбилердің шат күлкісі мен береке қатар өрілген.
Бірнеше жыл университетте қызмет еткен Оразғали кейін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығына инспектор болып ауысты. Бүгінде жеке кәсіппен айналысады. Ал, зайыбы Меруерт бала күтіміне байланысты үйде. Ол – Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің информатика пәнінің мұғалімі.
Оразғали көп балалы әке болуды студент кезінен армандаған екен. Сол кездегі дәптерге түскен балаң арманның бүгін шындыққа айналғанын ол тебіреніспен еске алады.
– Студент кезімде шығарма жазғанда: «Шаңырақ көтерсем, көп баланың әкесі атансам» деп армандайтынмын. Алла тілеуімізді беріп, расында да көп балалы шаңырақтың иесі болдық. Биыл 9-шы перзентіміз дүниеге келіп, қуанып жатырмыз, – дейді қырықтың сегізіндегі Оразғали.
Тұңғыштары Нұрила Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында педиатрия мамандығы бойынша 4-курста оқиды. Екінші қызы Бағила мен ұлы Хайретдин де дәрігерлікті таңдап, осы оқу орнында білім алып жатыр. Ал, Нұриден, Нұрсұлтан, Ерсұлтан – мектеп оқушылары. Хансұлтан мен Шафиға балабақшаға барады. Кенжелері Зибаның дүниеге келгеніне жеті ай болыпты.
Тоғыз баланың әрқайсысының тәрбиесі мен білімін, денсаулығы мен көңіл-күйін назардан тыс қалдырмау – ата-ана мойнындағы үлкен жауапкершілік. Десек те, Сапарбаевтар отбасында бұл міндет тек ата-ананың мойнына түспейді. Балалар да жастарына қарай үй шаруасына араласып, бір-біріне қолғабыс етіп өсіп келеді. Меруерттің айтуынша, үлкендері кішілеріне қарайласып, бір-біріне қамқорлық танытады. Әсіресе, тұңғышы Нұрила үйдегі кішкентайларға ерекше мейірімді.
– Оның балалар дәрігері мамандығын тегін таңдамағанына биыл анық көзіміз жетті. Жаздың ыстығында кішкентайлардың іші ауырды. Сол кезде Нұрила бізге дем беріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай демеу бола білді. Балаларды өзі қарап, емдеп, саябаққа апарып, ойнатып, көңілдерін көтерді. Бізді қуантқаны – осы. Қызымыздың бізге қолқанат болып қана қоймай, есейіп, болашақ мамандығына бейімделіп, қалыптасып келе жатқаны қуантады. «Әке, біздің үйге туристерге қызмет көрсететін бір электрокар мәшинесі болса, артық болмас еді. Бауырларымды салып алып, күнде саябақтарға апарып жүруші едім» дегенінде, қызымыздың бауырмалдығына сүйсініп қалдық, – дейді Меруерт.
Кейіпкерлеріміздің айтуынша, Сапарбаевтар әулетінде ұрпақты ұйыстырып, ағайынның арасын жақындата түсетін керемет дәстүр қалыптасқан. Сапарбаевтар және оларға жақын әулеттер жыл сайын мамыр айының соңғы аптасында Қаратау етегіндегі Алтынқұлаш әулие атанған атақоныста бас қосады. Әуелі зират басына барып, әруақтарға Құран бағыштайды. Сонан соң табиғат аясында серуендеп, бәрі бірге демалады. Балалар асыр салып ойнаса, әйелдер жағы ас-ауқат әзірлейді. Сол жиында әулеттің үлкендері бір жыл ішінде перзент сүйген келіндерге ерекше құрмет көрсетіп, марапаттайды екен. Яғни, жас аналарға түрлі сыйлықтар табысталады. Әулет үлкендері ұсынған сыйлықты келіндер сәлем салып барып алады. Сосын қариялар өсіп-өнген жас отбасыларға ақ батасын береді. Осылай бір әулеттің ұрпағы бір-бірінің қуанышына ортақтасып, жас отбасылардың өсіп-өнуін ерекше қуаныш ретінде қабылдайды.
– Бұл басқосуды тоқсаныншы жылдары бір атадан тараған ұрпақ жат болып кетпей, бір-бірімен жиі аралассын деген ниетпен әулет үлкендері ұйымдастырған екен. Жақсы ниеттен туған дәстүр содан бері үзілмей жалғасып келеді. Басқосуды әр жылы кезекпен екі отбасы қолға алады. Сыйлық әр жылы демеушіге байланысты әртүрлі болады. Демеушілер де өз ағайындарымыз.
Алдыңғы, 2024 жылы әулетімізде көп сәби дүниеге келіп, баршамызды қуантты. Сол жылы ұрпағымыздың санын көбейтіп отырған келіндерге берілетін сыйлықты алуға бір кәсіпкер ағамыз демеуші болған еді. «Баталы ер арымас» деген емес пе?! Үлкендер ризашылықпен оған да бата берген. Көпті қуантып, жақсы сыйлығымен сүйіндірген кәсіпкер туысымыз бүгінде ауданда белді қызметте, лауазымы жоғарылады, – дейді Оразғали замандас.
Әулеттегі жарасымды дәстүр мен ағайынның өзара қолдауы көңілге жылу ұялатқанымен, көп балалы отбасының күнделікті тұрмысында шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Әңгіме барысында біз Меруерттің көп балалы ана ретінде бес жылдан бері пәтер кезегінде тұрғанын білдік. «Мемлекеттен қандай көмек, демеу болып жатыр?» деген сауалымызға ол:
– Жәрдемақыдан басқа әзірге көмек көрген жоқпыз. Пәтер кезегі жуық арада келетін емес. Қазір ата- енемізбен бірге қарашаңырақта тұрып жатырмыз, – деп жауап берді.
Көп балалы отбасыда балалардың күнделікті қажеттіліктеріне де аз қаражат жұмсалмайды. Әсіресе, мектеп формасы, оқу құралдары мен студенттердің шығыны ата-анаға кәдімгідей салмақ салады. Меруерттің айтуынша, қазір балалар бұрынғыдай бірінің киімін бірі киіп өспейді. Сондықтан бірнеше баланы мектепке дайындаудың өзі отбасы бюджетіне айтарлықтай әсер етеді.
– Жақында үш студентке жатақханаға бір жылға 600 мың теңге төлеу керек болды. Ол бізге қиындау, сондықтан отағасы проректорға кіріп жүріп, бұл соманы бөліп төлеуге рұқсат алды, – дейді ол.
Дегенмен, Оразғали мен Меруерттің барға шүкір етіп, жоққа сабыр қылатын қанағатшыл жандар екені аңғарылады.
– Біздің өміріміздің мәні де, сәні де балаларымыз. «Әй, тұрсаңшы, мектепке барасың», «Әй, жатсаңдаршы, кеш болды» деумен уақыттың қалай зырылдап өтіп жатқанын байқамай да қаламыз. Соларды қатарынан кем етпейік деп тынымсыз еңбек етіп келеміз. Осы қоңыртөбел тіршілігіміздің өзіне шүкіршілік дейміз. «Балаларды қалай жайғастырамыз? Қайткенде үйлі-жайлы етеміз, қалай ұядан ұшырып, қияға қондырамыз?» деп сары уайымға салынуға уақыт жоқ бізде. «Алла бір қозыны жаратқанда, бір түп жусанды артық жаратады» деуші еді ғой халқымыз, – дейді Оразғали.
Біз, Түркістандай киелі қаланың белді тұрғындары Оразғали мен Меруертке «Ұл-қыздарыңыздың рахатын көріңіздер!» деген ақжолтай тілегімізді айтып, жылы рәуіште қоштастық.
Deniz Aylin
DUNE NECTAR WEB EXPERT is a professional crypto recovery and cyber intelligence company helping individuals and organizations respond to digital threats, financial losses, and complex cyber incidents. Using verified investigative workflows and actionable intelligence, it supports clients from early incident assessment through structured recovery planning and evidence-backed next steps. The company operates under a clear, client-friendly model with **NO UPFRONT FEE**, aligning incentives through transparency, measured progress, and results-oriented execution. For crypto recovery, it applies advanced analytics to trace transaction pathways, detect suspicious activity patterns, and assess how funds may have been diverted. Because crypto incidents often involve layered transfers, anonymization, and cross-platform movement, we rely on careful tracing, contextual analysis, and disciplined documentation to support attribution where feasible and deliver technically grounded findings. Beyond recovery, DUNE NECTAR WEB EXPERT provides intelligence to strengthen defense posture, including guidance on containment considerations, threat landscape awareness, and practical recommendations to reduce recurrence. It combines recovery-focused investigation with intelligence-driven prevention support to help clients protect assets and improve resilience over time. Engagement is structured: the company collects incident details, preserves key evidence, and clarifies recovery objectives; then it uses intelligence and blockchain analytics to map activity, evaluate scenarios, and identify actionable leads. Throughout, it emphasizes clear communication, documented conclusions, and practical recommendations aligned with both crypto ecosystem realities and client operational needs. By pairing expert crypto tracing with cyber intelligence discipline—and maintaining a no upfront fee approach—DUNE NECTAR WEB EXPERT delivers a practical, client-aligned solution after a digital security incident. Contact Support: Teleqram: Dunenectarwebexpert WhatsApp: +1 (516) 467-6783
Айым
Керемет үлгілі отбасы ????
Еларыс
осындай коп балалы отбасыга 5 жыл кезекте турган неге окиметтен уй берилмеген екен 9 бала дуниеге акелген екен