Мықты педагог – сапалы ұлттың тірегі
Сабырбек Олжабай,
«Оңтүстік Қазақстан».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің биылғы тамыз конференциясының пленарлық отырысында: «Ұлтымыздың келешегін айқындайтын тарихи өзгерістер табысты болуы үшін, ең алдымен, қоғамдық сана жаңғыруға тиіс. Бұл істе мәртебелі мамандық иесі – мұғалімнің рөлі айрықша маңызды. Әлемді ең дамыған технология өзгертуі мүмкін. Ал, адамды, оның дүниетанымын өзгерту – нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Сондықтан мемлекет білім жүйесін дамытуға әрдайым баса назар аударады» деп ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы рөлін айқындап берді. Иә, қоғамдық сана жаңғырмай, ештеңені де өзгерте алмаймыз.
Қасым-Жомарт Кемелұлы сонымен қатар ұстаздар алдына бес міндет қойды. Атап айтқанда, оқу-ағарту саласындағы кадр тапшылығын жойып, ұстаздардың біліктілігін көтеру, аймақтар арасындағы білім саласына қатысты алшақтықты жою, жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу, балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, бала тәрбиесі мәселесіне баса мән беру қажеттігін ел Президенті қадап айтты.
«Елімізге тағы да 5 мыңнан астам мұғалім керек. Себебі, халық саны тұрақты түрде артып келеді. Соңғы жылдары салынып жатқан мектептердің саны да едәуір көп. Осы жағдай педагог мамандарға деген сұранысты арттырып отыр» деді Мемлекет басшысы. Бұл орайда өңірімізде педагог мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының жеткілікті болуы кадр тапшылығын тудырмай отыр деуге болады. Ал, ұстаздардың біліктілігін көтеру мәселесіне келсек, облысымызда ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіштер бар. Облысымыздың орта білім беру ұйымдарында (мамандандырылған ұйымдарды қоса алғанда) 66 943 педагог еңбек етеді. Педагогтердің 94 пайызы (62 928) жоғары білімді, 4015 маманның магистрлік дәрежесі бар. Техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтер үлесі 1,1 пайызды (752) құрайды. Өңірімізде жалпы ұстаздардың 466-сының «педагог-тәлімгер», 15 611-інің «педагог санаты», 17 597-сінің «педагог-модератор», 16 435-інің «педагог-сарапшы», 16 097-сінің «педагог-зерттеуші», 542-сінің «педагог-шебер» дәрежесі бар. Көріп отырсыздар, облысымыз ұстаздардың біліктілігін көтеру жағынан да көш ілгері алда екен. Сондықтан да болар, білім саласы ұйымдары өткен оқу жылында айтарлықтай табыстарға қол жеткізген.
Тәжірибелі педагог талантты тәлімгерді бірден таниды, олардың жолын ашады, жарқын болашаққа жол сілтейді. Ұстаздық парыздың адал атқарылғандығының дәлелі ретінде биыл ҰБТ-ға талап білдірген 35 754 түлектің 29 726-сы қатысып, солардың 10 582-сі мемлекеттік білім грантының иегері атанғанын айтсақ та жеткілікті. Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 64,83 балды құрады.
Осы жерде білім алып жатқан оқушылардың 75 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын айта кеткеніміз жөн. Олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Мектептер қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылуы керек. Тәжірибелі ұстаздардың көбіне қала мектептеріне шақырылатыны белгілі. Шалғай елді мекендерге де мықты мамандар қажет. Дәл қазіргідей жасанды интеллект үстемдік құрып тұрған заманда алыс ауылдардағы мектептер мықты мұғалімдерге зәру. Ел Президентінің аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жою туралы тапсырмасын орындау үшін білікті, тәжірибелі мұғалімдерді шалғай ауылдарға көптеп тарту керек. Алыс ауылдардың мұғалімдерін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықтары арқылы қайта даярлаудан өткізу – бүгінгі күннің басты талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға қатысты бастамаларын жүзеге асыру және Тамыз конференциясында айтылған тапсырмаларды орындау жолдары талқыланған Түркістанда өткен кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров қала мен ауыл мектептеріндегі алшақтықты жою туралы нақты тапсырма бергені де жайдан жай болмаса керек. Осы ретте облыс әкімі жанынан құрылатын білім сапасы жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс жоспарын бекітіп, нақты іс-әрекетке көшеді деп ойлаймыз.
Иә, ұстаздар алдында үлкен міндеттер тұр. 2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептері бойынша «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп», «Жеке қауіпсіздік», «Цифрлық сауаттылық», «Информатика және жасанды интеллект» пәндері оқытыла бастады. Жаңа курстардың енгізілуі білім алушылардың конституциялық сауаттылығын көтеруге, заң талаптарын түсінуге және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ұстаздар қауымы жаңа курстар мен сабақтарды да жетік меңгерулері тиіс.
Ұстаз – ұлық есім. Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі». Осы ретте ұстаз беделін нығайту үшін мемлекеттік қолдаулар жасалынып жатыр. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Биыл осы заңға толықтыру енгізіліп, ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді. 5 қазан күні ұстаздардың кәсіби мерекесі болып нақты белгіленді.
Ұстаздардың мәртебесін көтеру, оларды ынталандыру мақсатында марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Осы марапат иелеріне қомақты сыйақы да тағайындалды. Мемлекетіміз соңғы үш жылда 3 ұстазға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. TALIS-2024 зерттеулері Қазақстан мұғалімдерінің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен әлемде екінші орында тұрғанын нақтылады. Сонымен бірге ел ұстаздары айлық жалақы көлемі бойынша дамыған мемлекеттер арасында алғашқы орындардың бірін иеленеді. Олардың барлығының дерлік өз жұмыстарына көңілдері толады. Міне, біздің елдің ұстаздары осындай!
Десек те, көңілде жүрген бір түйткілді де айтпай кетуге болмайды.
ҚР Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру туралы» Жарлығы, ең алдымен білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын ұрпақтың жан-жақты болып өсуі, дүниетанымы, ойлау қабілеті, айналасында болып жатқан өзгерістерге көзқарасы ұстазының берген білімі мен тәрбиесіне тікелей қатысты. Шәкіртіне тиянақты тәрбие, сапалы білім беру үшін ең әуелі ұстаздың өзі жан-жақты дамуы керек. Мемлекет басшысы «кітап оқы, зиялы ұлт қалыптастыр» деп нақты тапсырма беріп отыр. Кейбір ұстаздардың Мемлекет басшысының нақ осы тапсырмасына жүрдім-бардым қарайтыны да бар. Өйткені, олардың басым көпшілігі газет-журнал оқымайды. Ал, газет оқымаған ұстаз білімін жетілдіре алады ма? Өңір жаңалықтарымен, руханият халінен хабарсыз ұстаз шәкіртіне не айта алады? Оларға «Педагог мәртебесі туралы» заң газет-журнал оқыма деп айтыпты ма екен? Заңды қалқан етіп, керітартпалық жасау жарамайды, ұлағатты ұстаз! Көп оқыңыз! Біліміңізді тереңдетіңіз! Одан ұтпасаңыз, ұтылмайсыз.
Passport application
My Experience with CYBERNOX GREYHAT SECURITY I came across several testimonials about CYBERNOX GREYHAT SECURITY while researching ways to address my cryptocurrency loss. I had reportedly lost over $750,000 to someone I met online through a fraudulent investment project. After the incident, I spent considerable time researching possible ways to trace the transactions and seek recovery of my funds. I contacted CYBERNOX GREYHAT SECURITY and provided the relevant information about the incident. According to my experience, the process took approximately 24 hours, and their team communicated with me throughout the process. Online investment fraud can be stressful and financially devastating. If you have experienced a similar situation, consider documenting the incident, contacting your cryptocurrency exchange, and reporting the fraud to the appropriate authorities. Verify any recovery service independently before sharing personal information or paying fees. CONTACT INFORMATION Phone / WhatsApp: +44 7928 388124 Website: https://cybernoxsecurity.com Email: support@cybernoxsecurity.com