Бішкекте көшпенділер ойындары өтіп жатыр
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалауы желбіреді. Ойындардың ашылу салтанаты «Бішкек-Арена» стадионында өтті. Сыйымдылығы жағынан Орта Азиядағы ең үлкен кешенге 50 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараның ашылу салтанатын 17 елдің президенттері, сондай-ақ, жүзден аса елден келген үш мыңға жуық спортшы тамашалады.
Биылғы додада 3 мыңға жуық спортшы спорттың 43 түрінен бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапында жарыс регламентінде бекітілген 43 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысып жатыр. Олардың 20-сы түркістандық. Еліміздің мемлекеттік туын көкпардан әлем чемпионы, команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек көтеріп шықты. Елімізде спорт саласындағы заңнаманың жетілуі арқасында 11 ұлттық спорт түрі олимпиадалық спорт түрлерімен теңестіріліп, басым спорт түріне кірген болатын. Олар – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек.
Жарыстар Шолпан-Ата қаласындағы 3 спорттық кешенде және Қыршын жайлауында өтіп жатыр.