Аударыспақтан алда болдық
Түркістанда 2009–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында аударыспақтан кезекті ел біріншілігі аяқталды. Дүбірлі додада еліміздің 8 облысы мен Шымкент қаласынан келген ең үздік жас спортшылар бақ сынасты.
Ат үстіндегі тартысты бәсекеде 3 алтын, 2 күміс медаль еншілеген облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынды иеленіп, ел чемпионы атанды. Екінші орынды Ақтөбе, ал, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының спортшылары түйіндеді.
Бұл толағай табыс спортшылардың қайсарлығы мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің, сондай-ақ, облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Жаныс Саев бастаған ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесі десек, қателеспейміз.