Турнир тартысты өтті
Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» ұранымен 3х3 баскетболдан 12, 14 және 16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында облыстық ашық турнирі өтті.
Турнирге Шымкент, Тараз қалаларынан, сондай-ақ, Сайрам және Сауран аудандарынан, Кентау және Түркістан қалаларынан жалпы 60 команда, 250-ге жуық жас спортшы қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жас спортшыларға сәттілік, жеңіс жолында табандылық пен жоғары нәтижелер тіледі.
Жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында баскетбол спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, жас спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау.
Турнирде үздік нәтиже көрсеткен командалар мен спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«ОҢТҮСТІК»-ақпарат.