Медициналық ұйымдарда дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің сақталуы
Емдеу мекемелері
инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмау мақсатында
эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимдерді сақтай отырып, ылғалды жинау
(еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) жұмыстарын ҚР-да қолдануға
рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне
кемінде екі рет жүргізуі тиіс.
Сонымен қатар, операциялық, кіші операциялық блоктарда, стерильдеу, босандыру залында,
босандыру палаталарында, таңып-байлау, манипуляциялық, тексеріп-қарау, егу,
емшара, стоматологиялық кабинеттерде, хирургиялық бейіндегі кабинеттерде, сүт
бөлмесі үй-жайларында күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей және күйік алған пациенттерге арналған
палаталарда, инфекциялық аурулармен, іріңді-септикалық инфекциялармен,
туберкулезбен ауыратын пациенттерге арналған палаталарда, асептикалық
палаталарда пациенттерді бір мезгілде шығарғаннан кейін, сондай-ақ науқас
қайтқан кезде күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі.
Күрделі жинау кезінде сақталатын
талаптар:
1) жұмыскерлер арнайы бөлінген санитариялық киімді
пайдаланады және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады;
9) жинау аяқталғаннан кейін
нұсқаулыққа сәйкес есепті уақытқа бактерицидті сәулелегіштер қосылады.
Талғат ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау
департаментінің басшысы.