«Халыққа қызмет етуден асқа мәртебе жоқ»
2011 жылы
Мемлекет Басшысының Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі
«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің
күні» боп бекітілген болатын. Кәсіби
мереке 15-ші рет тойланбақ. Биыл
ол Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Қиын да қажетті салада тер төгіп
жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Мейрам
қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты
әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу
және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бегман Нұрмахановтың мақаласын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
Әлеуметтік сала — ардақты жұмыс. Себебі, адам баласына халыққа қызмет еткеннен басқа мәртебе жоқ. Бұрын зейнетақы, жәрдемақы тағайындау секілді жұмыстардың бәрін бір бөлім атқаратын. Сондықтан жұмыс күрделі болды. Қазір ақпараттық технологияның заманы. Бәрі автоматтандырылған. Облыс бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттері болып табылады. Осы мақсатта аталмыш департамент өзінің құзыреттілігі шеңберінде 3 бағыт бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, алғашқысы зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылармен (зейнетақы және жәрдемақылар тағайындау) қамсыздандыру. Екіншісі —медициналық-әлеуметтік сараптама (мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау) жүргізу. Үшіншісі — әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік (мүмкіндігі шектеулі азамттардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету) бақылау.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 786 576 әлеуметтік төлем алушы бар.
Оның ішінде 213 086 адам жасына
байланысты зейнетақы, ал, 194 135-і базалық зейнетақы және 379 355-і
жәрдемақы, 75 972 адам мүгедектігі бойынша (зейнеткерлікке
шыққан мүгедектігі бар алушыларды қоспағанда) мемллекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Сонымен қатар, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша 20 611 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы ( оның ішінде 13 013 арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы аушы) бар. Ал, 3 375 ана бала туғанда берілетін біржолғы
жәрдемақы алса, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 25 227-сі
жәрдемақы алып жүр. 121 374 ана көп
балалы отбасыға берілетін жәрдемақы
алады. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр
ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған
аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 68 045 адамды құрап отыр. Мүгедектігі
бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушы 15 028 бар. Бірінші
топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушы
саны — 8 776 адам. Қызметіміздің екінші бағыты медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу болып табылады.
Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен
айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ, куәландырылатын адамның әлеуметтік
қорғау шараларына қажеттілігін айқындау бойынша Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне
қарасты 9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес биылғы
9 айда
облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 104 313 адам тіркеуде
тұр. Бұл облыс халқы санының 4,7 пайызын, ал республика бойынша жалпы
мүгедектігі бар адамдар санының 13,7%-ын құрайды. Мүгедектігі бар адамдардың
жалпы санының 15 593-і (14,9%) бала кезінен мүгедек болса, қалғаны 88 720-і
(85,0%-ы) – 18 жастан жоғары ересектер. 2026 жылдың 9 айында барлығы 25 343 адам куәландырылды. Оның ішінде биылғы 9
айда 5 041 адам алғашқы рет мүгедек
болып танылды.
Ауру санаттарын нозологиясына жіктесек,
төмендегідей болып шығады. Ересектер арасында алғаш рет мүгедек деп
танылғандардың арасында бірінші орында қан айналымы жүйесінің аурулары (30,3%),
екінші орында қатерлі ісіктер аурулары (17,4%), Үшінші орында жарақат алудың
барлық түрлері (8,3 %) тұр. Ал,
18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар арасында мына аурулар
ретіне қарай алдыңғы орындарды алады. Жүйке жүйесі аурулары (26,3 %), дамудың
туа біткен аномалиялары (21,7%), психикалық және мінез-құлқының ( 20,7%) бұзылуы.
Осы уақытқа дейін мерзім ішінде барлығы
16 541 адам қайта куәландырылып, 15 819
адам мүгедек деп танылды. Сырттай куәландыру проактивті мемлекеттік қызмет
көрсетуден облысы бойынша 9 айда 11 239
азаматқа сырттай түрде қызмет көрсетілді. Жалпы көрсетілген мемлекеттік
қызметтің санына шаққанда сырттай куәландыру 44,3 %-ды құрады.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың Әдіснама және бақылау бөлімінде 2026
жылғы 9 айлық қорытындысы бойынша
барлығы 213 шағым қаралған.
Біздің департамент қызметінің үшінші
бағыты — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына
мемлекеттік бақылау жүргізу. 1 қазанға дейінгі жағдаймен мүгедектігі бар
адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
бойынша барлығы 63 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 32 профилактикалық бақылау, 30-ы
жоспардан тыс, прокуратураның ұсынуы негізінде 1 нысанға тексеру жұмыстары
жүргізілді.
Тексеру
қорытындысымен кемшіліктерді жою туралы жалпы 58 нұсқама беріліп, ҚР «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83-бабы, 1-тармағы, 1-тармақшасы негізінде 22
нысанға 4 173,6 мың теңгеге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 4 173,6 мың
теңгесі немесе 100%-ы өндірілді. Биыл министрліктің стратегиялық жоспарына
сәйкес абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалу деңгейін 89%-ға
жеткізу жоспарланған. «Е-Собес» ақпаратттық жүйесінің мәліметіне сәйкес облыс
бойынша оңалтудың техникалық құралдарымен әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 77 634
адамның 56 495 қамтамасыз етілді немесе тапсырма 72,8 % орындалды.
Одан бөлек,
мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметік инфрақұрылымды жақсарту үшін Түркістан облысы бойынша
2023-2027 жылдарға 3 700 нысанды бейімдеу жоспарланған. Оның ішінде 2026 жылға
жоспардың 80%-ын бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу көзделген. «Қолжетімділіктің интерактивтік картасы» ақпараттық
жүйесіндегі мәліметке сәйкес 01.10.2026
жылғы жағдаймен 74%-ы бейімдеуден өткізілді.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік
қызметтерді трансформациялау бойынша облысымыздағы 36 мекемеге арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге 41 лицензия ұсыну жоспарланса, 37 мекемеге 44
лицензия ұсынылып, толық қамтылды. Қазіргі таңда 6 841 қызмет алушыға арнаулы
әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Сонымен қатар, Министрлік тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік
қорғау саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, 2026
жылғы 1 шілдеден бастап Құрылыс кодексіне сәйкес Әлеуметтік қорғау саласындағы
реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жаңадан пайдалануға
берілетін нысандардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына
сәйкестігі туралы декларацияларды келісетін функция енгізілген.
Кәсіби мереке
құтты болсын,
әріптестер!
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша
департаментінің басшысы.