ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ АЗАЯР ЕМЕС

Кибералаяқтарға алданбау үшін әрбір қоңырауға мұқият болу және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға сенбеу қажет
2025 жылдың алғашқы 2
айында Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 131 қылмыстық іс тіркелген.
Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (106) интернет-алаяқтық оқиғаларының
23 пайызға өскендігін көрсетеді.
Аудан-қалалардағы жағдайға
келсек, мәселен, Кентау қаласында - 30, Түркістан қаласында - 26, Төлеби және Сарыағаш
аудандарында - 11, Сайрам және Жетісай аудандарында - 10, Арыс, Түлкібас және Шардара
аудандарында - 5, Қазығұрт ауданында - 4, Мақтаарал, Ордабасы, Келес және Созақ
аудандарында - 3, Отырар және Бәйдібек аудандарында - 1 оқиғадан тіркелді.
Интернет-алаяқтық
қылмыс түрлері көбіне банк немесе басқа орган қызметкері ретінде хабарласып
сеніміне кіру, ақшаны қолма-қол айналдыру, инвестиция немесе ақша қаражатын
көбейту, тауарға немесе қызметке алдын ала төлеу, мессенджер арқылы танысы
ретінде қарызға ақша сұрау, тұрғындарға ұялы байланыс операторының атынан
хабарласып, олардың сеніміне кіріп құпия кодпен жеке деректеріне қол жеткізу
арқылы жәбірленушілердің атына несие рәсімдеу байланысты орын алған.
Кибералаяқтарға
алданбау үшін әрбір қоңырауға мұқият болу және күдік келтіретін хабарлама мен
жарнамаларға сенбеу қажет. Мұндай жағдайда бірден полицияға хабарласқан жөн.
Ескере кететін жәйт,
банк қызметкерлері өздері хабарласып, сіздің жеке есепшот деректеріңіз бен ұялы
телефоныңызға келген құпия код цифрларын сұрамайды.
Интернетке шығу
мүмкіндігі бар кез келген азамат интернет алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін. Сондықтан
өзіңіздің жеке деректеріңізді, банк шотының нөмірі, құпия сөздермен СМС
кодтарын ешкіммен бөліспегеніңіз абзал.
ҚР Бас Прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің
Түркістан облысы бойынша департаменті.
#заңментәртіп