Qamqor.gov.kz — Прокуратура органдарының ашықтығы мен қоғамдық бақылау құралы



Qamqor.gov.kz ақпараттық жүйесі — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қарасты ресми интернет-ресурс. Бұл портал прокуратура органдары мен азаматтар арасындағы өзара байланысты арттыру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Сайттың басты мақсаты — азаматтарға прокуратураның қадағалау қызметі, прокурорлық қадағалау шаралары туралы ақпаратты қолжетімді ету және онлайн түрде өтініштер мен шағымдарды қабылдау мүмкіндігін ұсыну.
Порталда төмендегі мәліметтер қолжетімді:

кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерулер туралы ақпарат,
сотқа дейінгі тергеп-тексерулерге прокурорлық қадағалау,
әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша деректер,
электрондық өтініштер мен шағымдар жолдау бөлімдері.

Qamqor.gov.kz сайты — құқық қорғау органдарына деген сенімді арттырып, заңдылықтың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауға үлес қосады.
Сайтқа кіріп, әрбір азамат прокуратура органдарының елдегі заңдылықты қамтамасыз ету жолындағы қызметімен таныса алады.

Заң_және_тәртіп

Қазақстан Республикасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитетінің
Шымкент қаласы бойынша
департаменті




Пікір қалдырыңыз