ЖАҢА БӨЛІМ: ТҰРМЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Бөлімнің қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте жинақталған жүйелік мәселелерді шешуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Биылғы жылдың 20 сәуір мен 20 маусым аралығында республика көлемінде «Отбасында
зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды акция өткізіліп жатыр. Акцияның
мақсаты – тұрмыстық қарым-қатынастан туындайтын қылмыстық құқық
бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу.
2025 жылдың
5 қаңтардан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында
жаңа бөлім өз қызметін бастады. Бөлімнің қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
қарсы күресте жинақталған жүйелік мәселелерді шешуге, сондай-ақ азаматтардың
құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Егер сізге немесе
сіздің жақыныңызға күш көрсетіліп, психологиялық зорлық-зомбылық әрекеті
жасалса, +7747 529 14 38 ұялы
телефонына хабарласыңыз немесе Шымкент
қаласы, Желтоқсан көшесі, №3 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының № 224 кабинетіне
келіңіз! Біз сізге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге дайынбыз!
Әл-Фараби аудандық
полиция басқармасы.