Ет те, жем де, жеміс те – өзімізден!

Ерлан Қуандық,
«Оңтүстік Қазақстан».
Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша көрсеткіштері республикада алдыңғы қатарда екені аз жазылған жоқ. Өңірдің 2024 жылғы бұл саладағы жалпы өнім көлемі 1 083,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде: егін шаруашылығы өнімі – 690,5 млрд. теңге, мал шаруашылығы өнімі 383,6 млрд. теңгеге жеткен.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп жуырда бірнеше ауданның агросектордағы жаңалықтарымен бөлісті. Онда журналистерге бірқатар шаруашылық жұмыстары кеңірек таныстырылды.
Ең алғашқы бас сұққан нысанымыз Арыс қаласындағы аустралиялық әдіс бойынша 50 мың басқа арналған ірі қара бордақылау алаңы болды. Ол Арыстың Қожатоғай ауылдық округінде салынуда. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және ең ірі кешендердің біріне айналмақ. Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдарын өсіру және ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, мал бордақылау және мал жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда серіктестік аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде бордақылау алаңына алты жүзге жуық ірі қара мал әкелінді. Жыл соңына дейін тағы 15 мың ірі қара әкелу жоспарланған. Ал, 2026-2027 жылдары 35 мың ірі қара сатып алынады. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматтандырылған. Сондай-ақ, серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4 710 гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдар өсіруді қолға алмақ.
Мәселен, биыл 500 гектарға мал азығы өсіріледі. Серіктестік әлемге әйгілі ауыл шаруашылығы техникасын шығарушы «John Deere» компаниясының өнімдерін сатып алған. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматтандырылған. Жобаның жалпы құны 16,2 млрд. теңгені құрайды. Мұнда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Ал, Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылында «Gen Group Kazakһstan» ЖШС-де аумағы 193 800 шаршы метрді құрайтын жылыжай кешені салынған. Жобаның құны 13,4 млрд. теңгені құрайды. Қуаттылығы 1500 тонна банан, 120 тонна құлпынай, 3153 тонна қызанақ, 1125 тонна қияр өндіруге лайықталған. Атқарушы директор Ислам Алиев әзірге жылына 2 рет өнім алып отырғандарын, алдағы уақытта 3 рет өнім алуға ниетті екендіктерін айтуда. Бүгінде компания 5,3 гектар жерге жылыжай салып, банан өсіруде. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климатына бейімделген. Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтілмек. Заманауи жылыжайда әзірге шамамен жылына 1000 тонна банан өсірілмек. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Барлық құрал-жабдықтар Түркия елінен әкелінген. Өнімдері ішкі нарықта сатылымда. Аталған кешеннің Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни мұндай кәсіпкерлік нысан әзірге тек Сайрам ауданында ғана бар.
БАҚ өкілдері бұдан кейін Қарасу ауылындағы «Аят-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қайта өңдеу цехы жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Ибрахим Саражов «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 29,5 млн. теңге несие алып, жеміс өңдеу цехына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Бүгінде мұнда 30 адам жұмыспен қамтылып, түрлі жемістерден консерві дайындайды.
Сондай-ақ, журналистер Ақсукент ауылындағы «Айкан» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытына барды. Аталған өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өңделеді. Мұнда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында түркиялық технологиямен ірімшіктің 13 түрі шығарылады. Бүгінде кәсіпорын сүт, айран, қаймақ, ірімшік секілді жоғары сапалы сүт өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне экспорттайды. Ал, Манкент ауылындағы «Nurym Group» ЖШС-нің құрама жем зауыты мен мал бордақылау алаңының құны – 2,3 млрд. теңге. Зауыт жылына 46 мың тонна құрама жем шығарады. Зауытта 10 адам жұмыс істейді. Құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын мал бордақылау алаңы жылына 10 мың тонна ет дайындайды. Онда 40 адам жұмыс істейді. Өнімдер ішкі нарыққа және Өзбекстанға жіберілуде.
Тәсілі – Аустралия, технологиясы түріктікі демесеңіз, ет те, сүт те, жем де, жеміс пен көкөніс те өзімізден шығарылады. Өңіріміз осылайша ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикада көш бастап тұр.
Mary Ann Patton
Following a significant loss of Bitcoin, a situation deemed irrecoverable, I sought assistance. Initially despondent, I discovered Dune Nectar Web Expert, a firm specializing in digital asset recovery. Contacting them, I was impressed by their professionalism and attentiveness. They detailed their recovery process, providing consistent updates and realistic expectations. Their diligent efforts, employing advanced methods, resulted in the successful recovery of my lost Bitcoin. Support (@) Dunenectarwebexpert (.) Com Telegram: Dunenectarwebexpert