Созақтықтар шетелдік майлықтарға қызықпайды

Қазір дүкендерде майлықтың түр-түрі толып тұр. Қалағаныңды ала бер. Бірақ, дүкендегі майлықтардың көпшілігінің қолға жабысып қалатыны бар.  Ал, Созақ ауданындағы Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі  Нұрболат Әбдеш жасап шығарған  майлық қолға мүлде жабыспайды екен. Иә, бұл болмашы ғана жаңалық болғанымен, шығармашылықтың, тапқырлықтың және жаңа идеяның көрінісі.  Ұстаздың осы жаңалығы басқа мұғалімдерге шабыт береді. Олар кез келген, тіпті ең қарапайым затқа да жаңа көзқараспен қарап, оны қалай түрлендіруге болатынын ойлайды.

Иә,  Нұрболат өндіретін майлықтар (салфеткалар) басқа өнімдерден сапасымен ерекшеленеді. Олардың ең басты артықшылығы –  қолға жабыспайды әрі өте жұмсақ.  Майлық  екі қабатты.  Бұл олардың ылғалды өзіне жақсы сіңіріп, беріктігін арттырады. 
– Осы кәсіпті бастауыма  нарықтағы сұраныс себеп болды. Бір күні дүкенге барып, аңдап қарасам тұтынушылардың  майлыққа  сұранысы жоғары екен. Тұтынушылардың осы өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығына  көңіл бөлетінін де байқадым.  Алғашында жұмысымды  кішігірім цех ашып бастадым.  Кейін  сұраныс артқанда өндіріс көлемін ұлғайтуға шешім қабылдадым. Біз бірінші кезекте өнімнің  сапасына көңіл бөлеміз, – дейді Нұрболат Әбдеш.        
Қазір созақтықтар шетелдік майлықтарға қызықпайды. Олардың орнына Нұрболаттың цехынан шыққан майлықтарды сатып алғанды жөн көреді. 

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.
Созақ ауданы.

1 пікір

  • Ace Credify
    Ace Credify

    Инвесторға қолайлы несиелер – 3% пайыз Жылжымайтын мүлік инвесторлары үшін қиын несиелер. Ешқандай қағазбастылық, банктер жоқ. ✅ Түзетіңіз және аударыңыз ✅ Мүлікті жалға беру ???? Электрондық пошта: acecredify@outlook.com

Пікір қалдырыңыз