«ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ ПАРА БЕЛЕҢ АЛАДЫ»
Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Бүгінде
сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі
басымдықтарының біріне айналып келеді. Онымен күрес тек бізде ғана емес, әлемнің
барлық елдерінде қарқын ала бастады. Әрине, әр елдің сыбайлас жемқорлықпен
күресу әдістері өзгеше. Көбіне ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына
ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен
құқықтық мәдениет деңгейіне, сонымен қатар халқының саны мен орналасу
тығыздығына да байланысты болып келеді.
Жасыратыны
жоқ, бізде халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез
келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік
танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты
қылмыстарға және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп.
Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен
болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылыққа
немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын
ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Оның үстіне, кейбір
мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын орындауға
ынта танытпауы да жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. «Әділдік жоқ жерде
пара белең алады» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген
қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап,
жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Қайрат
КЕМЕЛБЕКОВ,
Шымкент
қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық сотының сот приставы.