Салаға инвесторлар тартылады

Түркістан облысында гектарлап бау егіп, жеміс-жидек бағытына бетбұрыс жасап жатқандар көп. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде жеміс ағаштары 17,9 мың гектарға егілген, оның 5,4 мың гектары – қарқынды алма бауы. Өңірде алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, қара өрік өсіріледі. 

Бұл елдегі жеміс-жидек ағаштарының 43%-ын құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан бүгінгі күннің өзінде 300-350 центнерден өнім жиналды. Қарқынды баулардың негізгі бөлігі Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам аудандарында орналасқан.
Өткен жылы жеміс ағаштарынан 116,9 мың тонна өнім жиналды. Бүгінгі күнге дейін 26 мың тонна өнім Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан елдеріне экспортталды. 
Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамытуға инвесторлар тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Мемлекет тарапынан жеміс ағаштарын өсіруге келесідей қолдаулар көрсетіледі. 
«Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша сатып алынған минералды тыңайтқыштардың 50%-ы, «Пестицидтер, гербицидтер мен биоагенттердің құнын субсидиялау» бойынша зиянды организмдерге қарсы қолданылатын преператтардың 50%-ы, «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасына сәйкес 5 гектардан бастап қарқынды алма бағын салуға жұмсалған шығынның 40%-ы (1 гектарға есептелетін барынша құны 
21 000,0 мың теңге) және 5 гектардан бастап жеміс-жидек бағын отырғызуға жұмсалған шығынның 25%-ы, сонымен қатар тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы арқылы сатып алынған көшеттердің 50%-ы субсидияланады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз