АКЦИЯ: «МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ПОРТРЕТІ»

Акция негізінен қазақ қоғамындағы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуды көздейді.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» күні болып белгіленген. Осыған орай 6 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Менің отбасымның портреті» тақырыбында отбасылық акция өткізу жоспарланып отыр. 

                                                                                                                                                          Акция негізінен қазақ қоғамындағы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуды көздейді. Сонымен қатар, акция барысында отбасындағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу, жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы көпшілікті хабардар етіп, сала мамандары азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге көмектеседі. Әрі заңгерлік кеңес береді. Осы ретте барлық өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.

Егерде сіз отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, мына төмендегі телефондарға хабарласуларыңызды сұранамыз.

 

Абай ауданы бойынша   +7-778-370-95-18;

Әл-Фараби ауданы бойынша  +7-775-721-54-38;

Еңбекші ауданы бойынша + 7-700-251-81-84;

Қаратау ауданы бойынша  +7-705-804-95-94;

Тұран ауданы бойынша   +7-708-537-71-88;

 

 

Шымкент қалалық полиция департаментінің Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандық полиция басқармаларына қарасты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары.

 

Пікір қалдырыңыз