Адамды алға жетелейтін алты қасиет

1. Қатты қуаңшылық болған бір жылы көпшілік жиылып, Құдайдан жаңбыр жаууын тілеп, тасаттық бермек болады. Тасаттыққа ауылдың бәрі жиналады, іштерінде бір бала қолшатырмен келіпті. Бұл – НАНЫМ.

2. Сәбиді жоғарыға лақтырсаңыз, ол мәз болып күледі. Себебі сіздің қағып алатыныңызды біледі. Бұл – СЕНІМ.

3. Әр кеште ұйықтауға жатарда, таңертең оянатын-оянбайтынын ешкім білмейді. Сонда да болса қоңыраулы сағатымызды бас жағымызға қоямыз. Бұл – ҮМІТ
4.Болашағымыз бұлыңғыр бола тұра, ертеңгі күнімізге көптеген жоспарлар құрамыз. Бұл – БАТЫЛДЫҚ.

5. Бүкіл әлемде қиыншылық болып жатқанын көре тұра, үйленеміз, дүниеге ұрпақ әкелеміз. Бұл – МАХАББАТ.
6. Біраз жасқа келген бір әйел жейдесіне «өзімді 64 жылдық тәжірибем бар 16 жастағы қыздай сезінемін» деп жазып алыпты. Бұл – ДҰРЫС ШЕШІМ.

Әр күндеріңіз жақсы өтсін! Осы алты қағиданы естен шығармай, жақсы өмір сүріңіздер, ағайын!
Пікір қалдырыңыз