Қарағандыдан табысты оралды

Қарағанды қаласында 2014 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен ел біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетті. 
Өңіріміздің ұлдар құрамасы командалық сында 2-орын иеленді. Команда құрамында Медет Жарқынбеков, Әлтаир Әбубәкір, Нұрасыл Балынбек, Имронбек Шухратов, Саян Құдайберген облыс намысын қорғады.
Жекелей сайыста Назерке Болатбек 3-орын иеленді. Сонымен қатар жұптық сында да жерлестеріміз жүлдесіз қалған жоқ. Ұлдар арасында түркістандықтар қола жүлде иеленсе, қыздар арасындағы сында жеңімпаз атанды. Арулар арасындағы бәсекеге қатысқан тағы бір қыздар жұбы қола жүлде иеленді. Ал, аралас жұпта Әлтаир Әбубәкір мен Назерке Болатбек қола жүлдеге қол жеткізді.

Е.ҚОЖАХМЕТҰЛЫ.
Пікір қалдырыңыз